Қызылорда облысы Жалағаш кентінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін биыл Жалағаш кентінің жұртшылығы ерекше атап өтті. Орталық алаңда мерекеге орай ауқымды шара ұйымдастырылып , оған ауданға қарасты 12 балабақша 5 мектептен келген балалар қатысты. Аудан әкімі Т.Дүйсебаев бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, балалардың арман тілегі жазылған әуе шарын көк жүзіне ұшырды. Бұл күні балалар ән шырқап , би биледі, қыл қаламмен өз қиялындағы бейбіт әлемді бейнелеп спорттық сайыстада да өз бақтарын сынады.
Алаңдағы әдемі шараны балабақша бүлдіршіндері әсем әндерімен ашып мерекені қызықтаған көпшілік келешек те ұлкен өнер иесі болатын өнерпаздарды көріп көзайым болды. Біздің бөбекжайдағы «Ересектер» тобының тәрбиеленушілері осы күнді асыға күтіп бар ықыласымен дайындап әкелген «Кулаков» биін билесе, Серікжан Сейілжан атты бүлдіршініміз «Болашағы елімнің» әнімен көрермендерді қуантты. Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен балабақша балалары арасында «Көңілді старт» атты спорттық сайыс өткізіліп, бөбекжаймыздан қатысқан балаларымыз командалық есепте бірінші орын иеленді. Өнер көрсеткен өрендер арасында білімге биік қол созғандары да бар. Айталық Зұлхарнай Нұртөре, Жұмағали Назерке есімді жас дарындар республикалық «Сандар әлемі» атты олимпиада да математикадан алғырлықтарымен көш бастап І-дәрежелі дипломмен марапатталған. «Әлем балалар көзімен» тақырыбында жас суретшілер арасында өткізілген байқауда талантты балапанымыз Жұмағали Назерке 2 орын алды. Осы орталық алаңда өткізілген шара «Күн шуақ» бөбекжай аумағында сол мекемеде тәрбиеленіп отырған 100 бала мен олардың ата аналарының қатысуымен жалғасын тапты.
Сондай –ақ, осы күні тұңғыш рет республикалық ансамбльдер шеруі өтті. Аталған акцияға аудан бойынша 300 – ге жуық оқушы қатысты. Олар домбыра, флейта, барабан, баян мен прима аспабтарында ойнады.Саптық шеруде сонымен қатар озат оқушылар, бишілер тобы да жүріп өтті. Жалпы республика бойынша 40 мыңнан астам оқушы шеруге жұмылдырылған. Шара соңында мерекелік концертке өз үлестерін қосқан барлық балаға жұмсақ ойыншақ беріліп балмұздақтар таратылып естелік суретке түсті.
Біріккен ұлттар ұйымы сонау 1950 жылдары бастау алған алғашқы балаларды қорғау күні мерекесін дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Оспанова Бахыткүл
«Күн шуақ» бөбекжайың әдіскері
Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы