Жаз мезгілі – балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Осы уақытты балалар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. 1 маусымда мектебіміз жылдағы дәстүр бойынша оқушылар үшін өз есігін ашты.
Жазғы демалыс аландарының бірі 1 маусымнан бастап Ново-Урицк орта мектебінің жанынан құрылды. Мұнда балалар жазғы демалысын көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Ойын-сауық алаңы оқушылардың бос уақытын тиімді, әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ойындар, түрлі сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, балаларға жақсы көңіл сыйлауға тырысуда. Тәрбиешілер балалармен бірге сурет салады, ән айтады, түрлі ойындар ойнайды. Соның ішінде, патриоттық және азаматтық тәрбие беретін «Менің Отаным – Қазақстан», «Астана – жас қала» атты іс-шаралары өткізілді. Осы уақыт ішінде орманға, стадионға, аудан кітапханасына, «Олимп» бассейніне де де барды. «Сәлем» кафесінде болып, балалар түрлі тәтті тағамдар жеді. Биылғы жазғы демалыс балалардың естерінде ұзаққа сақталатынына сенімдімін.
Ново-Урицк орта мектебінің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі
Мангужина Айгуль Кинжибайқызы