Home » Шығармашылық бұрышы » Барлық бала бақытты болу үшін жаралған

Барлық бала бақытты болу үшін жаралған

Көзін ашып жаңа келген өмірге,

Өмірінің өзгерерін білген бе?

Жазығы не сол кішкене сәбидің,

Барлық бала күлу керек тегінде.

 

Неге ғана мылқау болды балақай?

Өзің қолда мейірімді Жаратқан!

Сәуле шашқан өміріне сол жанның

Нұрыңды төк, таңдарына әр атқан!

 

Үнсіз өмір, тыныш күндер, мылқау жан,

Бір сөз айту бұл балаға бір арман.

Көп  қиындық  көрседағы өмірден,

Тағдырдың ол сынағына сынбаған.

 

Еш жазықсыз мылқау келген өмірге,

Еш арамдық жоқ балалық көңілде.

Үлкен үміт күтіп келген өмірден,

Сөйлей алмай қалатынын білді ме?

Тағдыр қатал бір орында тұрмайды,

Қызығымен адамдарды баурайды.

Айтқың келген ойыңды айта алмау,

Бәрінен де бұл өмірде сол қайғы!

 

Жүректегі сырын да айта алмады,

Жүзінен бір қуаныш байқалмады.

Бақыт күтіп келген мына өмірге,

Сөйлей алу бақыты бұйырмады.

 

Мылқаулықпен өтіп жатқан өмірі

Кіршіксіз пәк сол баланың көңілі

Қандай қиын  он екі мүшеңнің,

Жетіспесе ең маңызды бөлігі.

 

Ауырмасын, аман болсын балалар,

Көңілдері кіршіксіз пәк тап-таза,

Дүниеге келген әрбір сәбиге,

Дұға етіп, тілейікші жақсылық!

Үміт Аманқызы Абдрасилова,
«Мейірім» мектеп-интернатының тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.