Білім беру саласы: Шығармашылық, Әлеумет
Бөлімі: Сурет салу, экология негіздері
Мақсаты: Балаларды теңіз, арал тұрғындарымен таныстыру. Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.Ұқыпты, нәтежелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Суреттер,түрлі-түсті гуаш, қылқалам, тұғыр, су құйылған ыдыс, ақ қағаз,
сүрткіш, қиылған, балық, сегізаяқ, жұлдызша бейнелері.
Билингвальді компонет: Балық-рыба, арал-остров, теңіз-море, тасбақа-черепаха.
Әдіс-тәсілі Ойын технолгиясы, «Колексография»әдісі арқылы сурет салу
Шаттық шеңбері: Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Тәрбиеші:
-Балалар бүгін қызық жағдай болды. Таңертең тобымызға біреу қоңырау шалды.
Кім деп ойлайсындар?
-Білмейміз.
-Мен де білмес едім.Ол «Тамшы» деген тасбақа. Ол өте алыс тропикалық аралда тұрады
екен. Тамшы өзіне дос іздейді. Бізді қонаққа шақырды. Барамыз ба қонаққа?
-Иа
-Сендер теңіз деген не екенің білесіңдер ме?
-Ол үлкен су.
-Иа.Ал арал деген ше?
-Судағы құрлық.
-Дұрыс.Ол кішкене жер, жан-жағын теңіз суы алып жатыр.Біз аралға немен барамыз?
-Кемемен.
-Мен сендерге суреттер көрсетемін. Сол суреттегі көліктермен баруға болама соны айтамыз.
-Мотоцикл мен ше?
-Жоқ,батып кетеді.
-Дұрыс айтасындар. Ұшақпен ше?
-Болады.
-Бірақ теңіздегі әдемі көріністерді көре алмаймыз гой.
-Кемемен ше?
-Болады .
-Жарайсындар,тамаша болды. Кеттік кемемен саяхатқа шығамыз.Онда біз кілемнің үстіне жұмсақ модульдармен кеме құрайық.Енді жақсылап жайғасайық.Балалар мені өздеміңмен саяхатқа апарасындарма? Мен сендерге жол көрсетем.Мүмкін акула, кит, дельфин, түрлі-түсті балықтар көретін шығармыз қызық болатын шығар.
-Онда көзімізді жұмамыз.(Музыка шығады, теңіз толқыны мен шағаланын).Балалар біз ненің дауысын естіп тұрмыз?
-Теңіздің, құстардың.
-Біз ашық теңіздеміз(Жер картасы)
-Міне біз естіген теңіз толқындары.(Толқынның суреті)
Ал мынау біз келе жатқан кеме(Кеменің суреті)
Міне акула, кит, дельфин,сегізаяқ,түрлі-түсті балықтар(түстерін айтамыз)
Ой, балалар мынау не?
-Теңіз кірпісі.
-Жарайсындар,теңіз кірпісінің түстері қандай болады екен.
-Қызыл,қоңыр,қара.
-Міне теңіз асты балдырлары,олда түрлі-түсті шөптер.Мынау майда сары балықтар.Сегізаяқ, қане аяқтарын санайықшы. Медузада шықты, мынау теңіз жұлдызы,
балалар бұрыштарын санайықшы.
-Бұрыштары бесеу.
-Ой, мынау біздің досымыз тасбақа ғой.Тасбақалар жұмыртқаданшығады екен.Олар кішкентай болады.Бізде аралға жеттік.Жылы су, ыстық құм, палма ағаштары. Оңға қараймыз, солға қараймыз.Кімді көрдік, досымыз «Тамшы»ғой.
Тасбақа:Сәлем балалар!қалдарын қалай? Сендер жақсы балалар екенсіңдер.Жолда не көрдіңдер?
-Кит, балық, сегізаяқ, акула, дельфин.
-Жақсы жарайсыңдар. Маған солардың суреттерін салып беріндерші.Менде қуанып қалайын.
Тәрбиеші:Ал енді бәріміз орнымызға отырып, сурет салайық.
Суретті қандай құралдармен салуға болады.
-Қаламмен, бормен, қылқаламмен, саусақпен, алақанмен, фломастермен.
-Мен сендерге жаңа сурет салу тәсілін көрсетемін.Ол үшін екіге бүктелген ақ қағазға. Гуашқа батырылған қылқаламның көмегімен тамызу арқылы сурет саламыз.
Оны «Колексография» деп атаймыз.Тұғырда қандай түстер бар.
-Жасыл,сары, қызыл, көк.
-Жарайсындар.Осы түстерді ақ қағазды екіге бүктеп,тамызып үстінен сүрткішпен сырамыз.
Дайын болған суретке, алдымыздағы қиылған балықтарды жабыстырамыз.
Қолға жаттығу:Балықтардың суретін саламыз,
Толқындардын суретін саламыз,
Сіздер ондай сурет көрмегенсіздер.
Олар қызыл, көк, сары, жасыл.
Ал, жеңімізді түріп жұмысқа кірістік.
Тамаша, әдемі болып шықты.Сендер нағыз суретші екенсіңдер.
Сергіту сәт:(музыка шығады,билейміз).Енді біз кілемге жатамыз,теңіз жұлдызы сияқты.Муыканы тыңдаймыз да, мұрынмен тыныс алып, ауыздан дем шығарамыз.Енді отырамыз.
Қортынды: -Біз бүгін қайда бардық?
-Тамшы деген тасбақаға.
-Біз жолда не көрдік?
-Акула,дельфин,кит,медуза,сегізаяқ,түрлі-түсті балықтар теңіз жұлдыздарын.
-Жарайсындар.Енді суреттерін кепкен шығар көрейік. Сендердің суреттерің Тамшыға қатты ұнады.
Ғажайып сәт: Тасбақа бізге сыйлық беріп кетті.Сандықшаға салынған диск. Біз енді бос кезде Тамшыны еске алып диск көреміз.
Сау бол! «Тамшы» атты тасбақа.
Тұрғанбекова Лаура Тұрғанбекқызы
Алматы облысы Қарасай ауданы
Қырғауылды ауылы «Ақ көгершін» балабақшасы
Ересектер тобы тәрбиешісі