Астана қаласы,
№67 «Шұғыла» балабақшасы
Есмағамбет Айқын Қазыбекқызы, тәрбиеші
Күні: 21.11.16 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу қызметінің түрі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Уу дыбысы және әрпі
Мақсаты:
- Балаларға у дыбысын және әрпін таныстыру. У дыбысына сөз, сөйлем құрастыру арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
- Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. У дыбысын таныстыру, у дыбысы бар сөзді оқуға, у әрпінің баспа түрін жазуға үйрету.
- Көркем жазуға, оқуға, білімге деген балалардың қызығушылықтарын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: кеспе әріптер, буындар, түрлі-түсті суреттер, әліпби, текшелер, үлестірмелі материалдар. «Сауат ашу» дәптері.
Билингвалды компонент: уық, нулы.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері | ||||||||||||||||
Мотивациялық- қозғаушылық
| Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз. Қайырлы таң, балалар, Қайырлы таң, апайлар. Сәлем, сәлем, сәлем. – Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? – Ала, ал, Талғат, тал (буынға бөле отырып л дыбысын анықтау, оқу). | Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимылдар жасайды және сәлемдеседі.
– л дыбысын қайталайды. Сөздерді оқиды.
| ||||||||||||||||
Ұйымдастырушылық- ізденістік
| – Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық. – Дыбыс дегеніміз не? – Ал, әріп дегеніміз не? – Дыбыстар нешеге бөлінеді? – Қандай болып екіге бөлінеді? Д/о: «Бұл қандай дыбыс?» (Текшемен жұмыс) – Жақсы, балалар, бәрің де Л әрпін біледі екенсіңдер. Енді сендерге жұмбақ жасырайын: Уықта бар, Жайықта жоқ. Суықта бар, Қайықта жоқ. (У дыбысы) Енді бүгінгі өтетін сабағымыз «Уу» дыбысы мен әрпі. Балалар, бұл әріп баспа түрінде былай (Уу) жазылады. Бұл дыбыс бірде дауысты, бірде дауыссыз. Ауада «Уу» дыбысын жазу. Дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады. «Уу» дыбысын айтқан кезде жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады. Ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады. – Балалар, айна арқылы дыбысты қайталап айтамыз. Сөздік жұмыс жүргізу. Уық – кереге басы мен шаңырақты ұштастыратын ағаш. Нулы – адам өтпес қалың, нулы орман. Осы сөздердің бәрінде у дыбысы кездесетінін айту. Дәптермен жұмыс. Уық, тауық, ұлу сөздеріне дыбыстық талдау жасату. У дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында келетінін түсіндіру. Өткен дыбыстармен у дыбысын байланыстырып, буын, сөздер құратып оқыту. Дыбыстық талдау. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Шаршағанымызды басамыз. Қолымызды созамыз, Ауаға жазу жазамыз. У әрпін саламыз Досымызға көрсетіп, Әріпті тағы қайталап, Көңілденіп күлімдеп Отырамыз жайғасып.
Үлестірмелі суретпен дыбыстық талдау. Ғажайып сәт: У дыбысы келеді (Көңілсіз, ренжулі күйде келеді). У дыбысы жалғыз, достарының жоқ екенін айтады. – У дыбысы мұңаймаңыз. Балалар, біз У дыбысына серіктес достарын тауып беруге көмектесеміз бе? Д/о: «Сиқырлы тор көздер»
1, 8, 1. 2, 8. 1, 8. 1, 7, 8. 1, 7, 1, 8. 2, 1, 8. 6, 8.
У дыбысы көңілденіп, ризашылығын білдіреді (У дыбысы шығып кетеді). |
– Естиміз, айтамыз. – Көреміз, жазамыз. – Екіге бөлінеді. – Дауысты, дауыссыз. Текшелерді қою.
– У әрпі Балалар у әрпінің баспа түрімен танысып, ауада жазады. У дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсінеді.
Айнамен жұмыс.
Балалар сөздерді қайталайды.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Балалар дыбыстық талдау жұмысын орындайды
Балалалар көңілденіп, қимылмен жасайды.
Дыбыстық талдау.
Амандасады.
– Иә, көмектесеміз.
Сөздер құрастырады. Ауа, ту, ау, алу, алау, тау, ру. | ||||||||||||||||
Рефлексивтік- түзетушілік
| – Бүгін қандай дыбыспен таныстық? – У дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз ба? – У дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? – Балалар, жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендеріңді сигналдық карточка арқылы көрсетеміз. — түсіндім. — әлі де мағлұмат керек. — түсінген жоқпын. Балаларды мадақтау.
| – У дыбысымен. – Бірде дауысты, брде дауыссыз. – Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: у дыбысының бірде дауыссыз, бірде дауысты дыбыс болатынын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: у дыбысына қатысты сөздер құрауды игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дыбыстық талдау жасауды меңгереді