Жезқазған қаласындағы КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайының іргетасы 1972 жылы қаланып, 1976 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемесі ретінде қолданысқа берілген.
1976 жылдан 1991 жылға дейін 280 орындық 12 топтық балабақша болып жұмыс жасады.
Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылдары бөбекжайға күрделі жөндеу жүргізіліп, барлық топтарға жатын бөлмелер қарастыру арқылы 6 топтық қазақ тілінде білім- тәрбие беретін шағын бөбекжай болып қайта ашылды.
Бұрынғы атауы бойынша №32 «Балдырған» балабақшасы қазақ тілінде тәлім- тәрбие беруге бет алған мектепке дейінгі білім беру бойынша алғашқы қарлығаштарының бірі болды. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жаппай балабақшалар жабылып жатқан кездер болды. Педагогтер үй жағалап, балаларды балабақшаға шақыратын да кездерді бастан өткіздік.
Балабақша ішінен жақын тұрған №7 мектеп –лицейінің 1 сыныбын да балабақша ішінде оқыту арқылы жабылмаудың жолын тапқан сол кездегі балабақша меңгерушісі Сейткенова Назгүл апайдың еңбегін айтпай кету мүмкін емес.
Жезқазған түстіметалл комбинатына қарасты №32 «Балдырған» балабақшасы 2002 жылы «Қазақмыс» карпорациясының «Дошкольник» жекеменшік мекемесіне қарасты болып қайта құрылды.
Міне, осы 2002 жылы мен №32 «Балдырған» бөбекжайының меңгерушісі болып тағайындалдым.
2015 жылы «Дошкольник» жекеменшік мекемесінің барлық балабақшалары мемлекет қарамағына ауысты.
Қазіргі уақытта сиымдылығы 190 орындық 8 топтық бөбекжайда 48 қызметкер еңбек етеді. Олардың 25 педагогтер.Педагогтеріміздің сегізі І –ші біліктілік санатты, бесеуі ІІ-ші біліктілік санатты педагогтер екенін мақтан етеміз.
2016-2017 оқу жылынан бастап бөбекжайдың 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясы жасалып, бекітілді.
Даму стратегиясының үш кезеңінің жұмыс жоспары жасалып, жүргізіліп келеді. Осы даму стратегиясын жасау барысында жасалған соңғы үш жылдық талдау қорытындысы бөбекжай алдында тұрған өзекті мәселені айқындап берді.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Қазақстанның ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Жан-жақты жетілген, парасатты азаматты дайындау, олардың рухани жан дүниесін халық қазынасымен байыту, ата-баба дәстүрлерінің озық өнегелерін санасына орнықтыру үшін бөбекжайда жүргізілетін этнопедагогикалық тәрбие берудің маңызы зор . Сондықтан да даму стратегиясының үш жылдық жұмыс жоспары осы бағытты ала отырып, педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру, тәрбиеленушілердің ұлтжанды-патриот ,жан-жақты тұлға болуына және ата-аналар мен бөбекжай ынтымақтастық қатынасын орната отырып, бала тәрбиесіндегі ортақ мәселелерді шешуге қол жеткізу үшін құрылды.
Даму стратегиясының жоспарының орындалуын бөбекжайымыздың әдіскері І-ші біліктілік санатты, білімі жоғары Кисибаева Светлана Құндызбайқызы жылда мониторинг арқылы жүргізіп келеді.
Даму стратегиясына бөбекжай ұжымы, ата-аналар ұжымы және тәрбиеленушілер қатысады.
2016-2017 оқу жылы даму стратегиясының ұйымдастыру кезеңі болғандықтан талдау-зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сауалнамалар таратылып, толтырылды, клубтар мен мектептер, үйірмелер,«Парасат» кәсіби қоғамдастығы құрылды және педагогтер шағын жобалау жұмыстарын бастады.
Шағын жоба тақырыптары балаларға ұлттық тәрбие беруге бағытталған.
Оспанова Ә.Е. «Туған өлкем-қандай көркем!»,
Аушакимова Ә.И. «Ұлттық тәрбие»,
Құлжабаева М.Т. «Қымыз- қазақтың өркениетке қосқан үлесі»,
Амантаева Б.Ж. «Шаңырақ асты- құт мекен»
Омарбекова Б.С. « Жүн өнімін өңдеу мен қолдану»
2017-2018 оқу жылы негізгі іс-әрекет кезеңі өте жемісті болды.Яғни бөбекжай әртүрлі сайыстар мен көрмелерге қатысты. Атап айтсақ Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық «Ең үздік ауыл» сайысында №14 «Балдырған бөбекжайы жүлделі І орынға ие болдық. Тұңғыш президент күні бөбекжайда «Өлкетану» көрмесі ашылды.
Тәрбиеленушілерміз әртүрлі зияткерлік сайыстарға, балалар шығармашылығының облыстық «Маленькая страна», «Еркетай» байқауларында жүлделі І-ші, ІІ –ші орындар, Республикалық «Жұлдызай» байқауына қатысып, жүлделі ІІ-ші ІІІ –ші орындарды иеленді.
Даму стратегиясы аясында құрылған құрамында Жезқазған қаласындағы 6 бөбекжайлары бар «Парасат» кәсіби қоғамдастығы тоқсан сайын әр балабақшада қалалық іс-шаралар ұйымдастырды.Бұл іс — шараларға қатысушылар арнайы сертификаттар мен жүлделі орындар үшін дипломдармен марапатталды.
№14 «Балдырған» бөбекжайында «Сахналау әдіс- тәсілдері» тақырыбында семинар- практикум ұйымдастырылды. Семинар практикумға 6 бөбекжай Сахналаудың әртүрлі әдіс- тәсілдерін көрсетіп бір- бірімен тәжірибе алмасты.
№12 «Салтанат» бөбекжайында «Ең үздік тәрбиеші» сайысы ұйымдастырылды. Оған 6 бөбекжайдан жас тәрбиешілер қатысып, бақ сынасты.
№7 «Айгөлек» бөбекжайында «Салауатты ұлт-Қазақстан болашағы 2018» спорттық ойындардан сайыс ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттады.
№13«Ертөстік» бөбекжайында «Педагог кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қорытынды тәжірибелік-семинар ұйымдастырылды. Онда педагогтер жүрек қалауымен таңдаған мамандығының кешесі, бүгінін көрсетіп,болашағын көз алдыға әкелді.
2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша бөбекжайымызда :
«Жұлдызды түлек» Ғалымбек Малика ересектер тобының түлегі,
«Алтын ұя» Есенов Темирланның үлгілі отбасы,
«Жыл тәрбиешісі» Амантаева Бибігүл Жүнісбекқызы анықталып, арнайы дипломдармен, сыйлықтармен, ауыспалы кубокпен марапатталды.
2018-2019 оқу жылында да жоспарланған іс- шаралар жүргізіліп келеді.
«Парасат» кәсіби қоғамдастығы қараша 2018жылғы жоспары бойынша №5 «Тамаша» бөбекжайы «Ұлытау-ұлт ұясы» тақырыбының мәнін қасиетті Ұлытау жеріне экскурсия түрінде ұйымдастырып,көне ескерткіштер мен мұражайды аралап, көзбен көріп, қолмен ұстап әсер алу арқылы аша білді.
Бөбекжайымызда педагогтердің ақпараттандыру технологиясына көңіл бөлу деңгейі жоғарылады. Педагогтеріміз «Білім айнасы», «Отбасы және балабақша», «Заманауи білім» журналдарына, «Ізденіс» газеті және жергілікті газеттерге мақалаларын жариялап отыр.
Бөбекжайымыздың 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бойынша «Таным» білім саласы бойынша тақырыптық бақылау апталығы да Жезқазған қаласының білім бөлімінен әдіскерлер, кәсіби қоғамдастыққа мүше бөбекжайлардың әдіскерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар бала кезден басталатынын айта келіп, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін айтты.
Осы жолдауда Елбасымыз педагогтеріміздің білім берудің жаңа сапасына көшетініне, кәсіби даму тұрғысынан жаңа белеске көтерілетініне сеніп отыр. Біздің бөбекжай педагогтері де осы сенімді ақтауға жұмыс жасайды.
Өйткені, мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру екені анық.
Дюсенбаева Айгуль,
Жезқазған қаласы
КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайының директоры.
Жоғары педагогикалық білімді,
жоғары біліктілік санатты педагог.