Home » Балабақша » «Балдырғандағы» жаңалыққа толы семинар

«Балдырғандағы» жаңалыққа толы семинар

Жаңартылған білім  мазмұнына  сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған әлемді танудың әр түрлі қолжетімді әдістерін игеруге, танымдық белсенділігін, білуге құмарлығын арттыруға, өзі туралы түсінік қалыптастыруға,  салауатты өмір салты және түрлі жағдаяттарда қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы білімін дамытып,жас және жеке мүмкіндіктеріне  сай білім,білік дағдыларын қалыптастырып, білім берудің  сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етуіміз керек.
Осы мақсатта 2018 жылдың 16 наурызында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Бұқарбай  батыр ауылдық округі әкімі аппаратының «№13»Балдырған» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында  «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту жолдары »  тақырыбында аудандық әдістемелік  семинар болып өтті. Оған аудандағы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысып тәжірибе алмасты.
Семинар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттауға бағытталған ортаңғы «Айгөлек» тобының тәрбиешілерілері мен  тәрбиеленушілерінің   орындауында «Мәңгілік елдің ұрпақтарымыз!» тақырыбындағы   композициялық театрландырылған  қойылыммен ашылды. Қойылым  Ж.Құланбаеваның музыкалық сүйемелдеуімен көрсетілді.
Семинар барысында ерте жас «Ботақан» тобында денешынықтыру оқу қызметі өткізілді.Онда тәрбиеші Г.Елемесова  денсаулық технологиясын қолданып, ұйымдастырылған ойын әрекеттері арқылы балалардың танымдық белсенділігі қалыптастырды.
Балаларды ұлттық  құндылықтарымызға  баулу мақсатында ортаңғы «Балақай» тобында қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру оқу қызметі ұйымдастырылды. Топ тәрбиешісі С.Шалқымаева асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырлары туралы түсінік беріп, қолдан жасалған асық ойын түрлері арқылы , балалардың ой өрісін, танымдық дүниетанымын жетілдірілді.
Балалардың жеке тұлғасын дамытуға,қоршаған ортамен өзара әрекет етуіне қажетті таным әрекетінің қарапайым дағдыларын игеруге бағытталған ІІ кіші «Бөбек» тобында   «Табиғат –ана» ертегісі  тақырыбында  «Жаратылыстану» оқу қызметі өткізілді.Тәрбиеші Г.Алиева балалардың  білімпаздығын, өз бетімен ізденіске талпындырып ,зерттеу арқылы танымдық дағдыларын дамыта білді.Оқу қызметі барысында тәрбиеші А.Күзембаева «Табиғат ана» бейнесіне еніп,балаларға магниттің көмегімен  ғажайып тапсырмалар орындатты.
Педагог –психолог  Д.Оспанова   бөбекжай мен отбасының бірлескен  ынтымақтастығына бағытталған ата-анамен жұмыс көрсетті.Онда ортаңғы «Айгөлек» тобы тәрбиеленушісі Күнбай Исламбек анасы Жұбанова Жанармен бірге үй жағдайында жасалатын  тәжірибелік  жұмыстар орындады. Сонымен қатар ата-аналармен бірлесіп дайындалған театр түрлері ұсынылды.
Семинар соңын  бөбекжай меңгерушісі Қ.Дәулет жұмыстардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқу бағдарламасы мен стандарт талаптарына сәйкес бес білім беру саласын кіріктіре отырып  ұсынылғанын айта келе ,қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, қорытындылады.

                                А.Акбарова,
№13 «Балдырған» бөбекжайының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.