Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы өзіндік ерекшеліктерімен қатар, жас ерекшеліктерінен туындайтын әлеуметтік сұраныстар жүйесі бар. Солардың ішінен жеке адамдық маңызы бар мынандай сұраныс түрлерін бөліп алып қарайды: танымды, шығармашылық, ара қатынасты қажетсіну, эстетикалық өрлеу, еңбекке ұмтылу, басқаға еліктеу, өзінің жеке басты қасиеттерін сақтау. Ерекше байқалатыны – жеке басының дербестігін, тәуелсіздігін дәлелдеу. Бұл сияқты жеке адамдық мінезді танытудың маңызды жолы балалар ұжымы, тобы жағдайындағы бірлескен еңбек түрлерімен ара қатынас. Жеке адам болу ниеті мен ұжымның, топтың қоғамның пайдасына тіршілік ету өзара байланысты. Адамдық іс-әрекет жасында неғұрлым анығырақ көрінсе, есейген шағында жеке адамдық қасиеттер соғұрлым мәнді, мазмұнды болар еді. Мазмұн мен бағдарламадағы түбірлі бетбұрыс, ең алдымен, балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми тұжырымдарға тағы бір зер салуды, оған тереңірек үңілуді талап етеді. Әңгіме өзегіне мектепке дейінгі білім алынып отырғандықтан негізгі назарды сәбилік емес, мектепке дейінгі бала жасындағыларға, яғни 3*6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге қатысты. Педагогтар мен психологтардың зерттеулері алғашқы және мектепке дейінгі балалық кезең адам дамуының аса маңызды кезеңі екенін дәлелдей түседі. Бұлар білуге деген ғаламат құштарлық, ізденгіштік және қоршаған ортамен барынша белсенді қатынасы. Бұл ерекшелік балаларға қысқа мерзім ішінде танымдық және жеке адамдық дамуда үлкен табысқа жетуге мүмкіндік береді. Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылыстың бір көрінісі баланың сұрақ қойғыштығы. 3 жасқа дейінгі баланың сұрақтары негізінен, коммуникативтік-тұрмыстық сипатта. Есейе келе тек заттар туралы емес, әрі айналадағы әлеуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар, түсінік алғысы келеді. Оның мәні баланың жеке адамдық негіздерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процестің басты қозғаушысы баланың өзі екенінде. Жеке адам дамуы дегеніміз оның өзіндік дамуы. Ересектер оның белсенді қызметін тек ұйымдастырады, бағыттайды, қажетті жағдайлармен ынталандыру жүйесін жасайды. Ал бүкіл қызметтің алып барушысы баланың өзі. Сөйтіп, бала өз дамуының негізгі көзі, қозғаушысы. Жеке адамдық қасиеттердің орнығуымен жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуы біртұтас процеске айналады, яғни әлеуметтік жеке адамдық даму балаға сырттан танылмайды, баланың өз инициативасын , ішкі бостандығын дамыту арқылы ғана қалыптасады. Сонда ғана ол ересектердің айтқанын орындаушы емес, өз қызметін өзі бақылаушы, бағыттаушы бола алады. Мектепке дейінгі шақта бала эмоциясы интеллектуалдық сипат алып, ішкі дүниесі, мәдениеті қалыптасады. Сондықтан балаларымыз білімді болғанымен мәдениеті төмен, оқығаны болғанымен жаңаша еңбек ете алмайтын жағдай болмас үшін әдістеменің педагогикалық процестегі рөліне жаңаша қатынас қажет. Мектепке дейінгі білім бос түтікті толтыруға ғана емес, ұлттық, қоғамдық прогрестің дәйекті қозғаушысы бола алатын азамат өсіруге бағындырылмақ.
Суюндикова Лайла Бектибаевна
Тараз қаласы, №10 «Наурыз» балабақшасының
педагог-психологы