Home » Балабақша »  Бала тәрбиесі- игілікті іс!

 Бала тәрбиесі- игілікті іс!

«Адамзатта ең құнды және мәңгілік болатын-тәрбие»-деп халық даналығы бекер айтпаған болар. Әрине, біз бүгінгі ұрпақтың кемеңгер келешектің, дарынды жастардың, болашақ көшбасшысы, талаптыда талантты жас ұрпақтың тәрбиесіне араласып, үлкен өмірге аяқ басып, болашақтарының жарқын болуына үлкен үлес қосып жүрген жанашыр жандардың бірі-біз боламыз. Сондықтан да әрбір адам баласы өз мамандығын таңдағанда адаспағаны абзал. Міне,сол бір қиыны мен қызығы қатар жүретін, былай бір қарағанда оңай көрінетін, бірақ бар жауапкершілік пен міндеті зор мамандықтың бірі-ол балабақша тәрбиешісі.

Балабақша дегенде көз алдымызға былдырлаған баланың тілі мен сыңғырлаған ойыншық үні келетіні рас.Сол бір әдемі үндермен таңын қарсы алып, күнін батыратын тәрбиешілердің  жұдырықтай жүрегі жарқыраған аспандай кең болуы керек.

«Бала тәрбиесі-игілікті іс»-демекші әрбір баланың жүрегінен жол тауып, басқан қадамын айқындап берер болсақ, онда ол біздің жетістігіміз. Біз ертеңгі жастардың жолынан адаспауын, қиырлы жолдың қиындығын сезінбей өз армандарына ақылмен  жетулеріне,теңізге құйған тамшыдай болсада өз үлесімізді қоссақ  онда ол бізідің мамандығымыздың маңыздылығы.

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»-дегендей әрбір баланың жүрегіне имандылық пен мейірімділікті сіңіріп өсірсек,олда бір болашақтарына азық болар еді. Бақытты балалық шақ,сыңғырлаған күлкі,нұрға толған әдемі көздер, еш алаңсыз  өте пәк періштелер,тәтті балақайлар балабақшамыздың көркі емеспе. Міне сол көріктілеріміздің көшбасында талмай  биікте ұшуына  аянбай еңбек етейік.

«Талпынған бала, талпынған құстай,

Құмары қанбас,аспанға ұшпай»-деп бабаларымыз айтқандай осы кішкентай бүлдіршіндерімізге бақытты балалық шақ сыйлап,аман- есен үлкен азамат болып өсулеріне тілектеспіз! «Бала басты байлығымыз,Ал ең асылымыз оның тәрбиесі» деп  ұлы данамыз Жүсіп Баласағұн сөзін тілге тиек етіп аяқтағым келеді.

Шагаева Бану Рақымбайқызы
ЖШС «Премиум-Талғар» балабақшасы
Екінші кіші «Бүлдіршін»  тобының тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.