Home » Мақалалар » Бала тәрбиесі баршаға ортақ

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

Балабақша қабырғасында жақсы тәрбиеленген, білім алған шәкірт,мектепке барған да да,өмірде де өз орнын табады. Біз балаларды кішкентай кезінен-ақ ұлттық тәлім тәрбиеге,адамгершілікке,рухани мәдениетке баулыуымыз керек Қоғам талабы-заман талабы.

Әр адам өз заманының баласы. Бала тәрбиесінде ең маңызды рольді ата-ана атқарады.Жанұяға қарап бала өседі. Ата-анамен,отбасымен тығыз байланыста болу үшін біз балабақшада әр түрлі іс- шаралар, ертеңгіліктер, ашық есік күндерін ұйымдастырамыз. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға уйретеді,дағды әдетке айналады,ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.

Балабақша –бұл балғындардың ойын дамытуға,оқуға құлшынысын арттыруға,мінез құлқын көпшілік ортада ұстай білуге,әдептілікке,имандылыққа, адамгершілікке баулитын әлеуметтік институт.   Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етеді .

Бала тәрбиесінде ата-аналар мен тәрбиешілер бірлігі қажет. Ойын енбек оқу арқылы біз балаларға белгілі бір түрғыдан ықпал жасай аламыз. Ойнау енбек ету және білім алу барысында  ақыл ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие даму процесстері қатар жүреді. Балабақшаның негізгі міндеті- баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету.Бала-әр жанұяның бақыты,ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға,олай болса өз бақытымызды бағалай білейік. Адамға нағыз жетістік тәрбиелі ұрпақ .

Қорыта айтқанда от басындағы тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп ата бабамыз мұра етіп қалдырғандай. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.

 

 

Будашпаева Раушан Адасқанқызы,
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№ 43 Бөбекжай –балабақшасы
әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.