«Бала өмірдің гүлі». Болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінің қай елде болсын маңызы зор. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей»- демей ме?
Ежелден дана халқымыз балалар — бауыр етім деп, өскелең ұрпақтың көңілі рухты, және пән, таза болғанын армандайтын. Атаның қолымен, ананың сүтімен бойға біткен қасиетті дамытатын орта болады.Ол ең бірінші деп отбасы,екінші балабақша,үшінші мектеп негізінде жалпы қоғам. Бала тәрбиесін ізгілендіруге ықпал жасайтын ортаны құру біздің парызымыз, біздің міндетіміз.
Дана халқымыз«Ағаш түзу өсуі үшін оған қажет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, кайырымдылық яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Ұрпақ тағдыры — ұлт тағдыры демекші Ұлттың болашағы — оның білімді, талантты, адамгершілік, асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында.
Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін калыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интелектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден құрастырылады.
Бала тәрбиесіне«Баланың мәселесі» деп қарамаңыз.
Бала тәрбиесіне қатысты басты ұстаным, махаббатсыз, мейірімсіз бақытты, ақкөңіл адам тәрбиелеу мүмкін емес. Балаңызды сыйлап, дос болуыңыз керек, оны сыйлауыңыз және қажет болса, құрбы- құрдасыңыздай ашық сырласа білуіңіз керек. Сонда бала ашық мінезді, адамдармен тез тіл табысқыш болып өседі. Баланың жанарынан жарқын білінеді. Ол өзінің көңілге түйгенін, өз ойларын тек сізбен бөлісетін болады. Болмашы қателігіне бола жекудің қажеті жоқ, себебі бала шеттен тынып, өкпешіл болып алады. Оған дұрыстығын жаймен түсіндіріп, дұрысы қайсы, соны айтып жөн сілтеңіз. Балаңызды көп мақтаңыз, сонда ғана жақындарын, ата-анасын жиі қуантуға тырысады.
Көбіне барлық нәрсе баланың сеніміне байланысты. Мәселен, бала үлкендерге, айналасына, өмірге сенбей өссе, одан сіз күткендей парасат-пайымы биік адам шығуы неғайбыл. Ендеше, баланың үлкендерге деген сенімін қалай қалыптастыруға болады? Ешуақытта бала бала тәрбиесінде кеш қалдым, уақыт өтіп кетті деп өкінбеңіз.Сіздің балаңыз-сіздің байлығыңыз, ертеңгі келешегіңіздің жарқын болуының кепілі. Балаңыз қанша жаста болсын, төменде баяндалған қағидаларды есіңізден шығармаңыз!
Мысалы, анасы дүкенге кетті дейік. Ал әкесі баласына, «анаң қазір саған шоколад әкеліп береді» десе, бала оны міндетті түрде күтеді.Терезе мен есік атасын жол қылмай-ақ қойсын, бәрібір алаңдап жүреді. Алайда, анасы үйге күткенін әкелмесе, бала өкпелеп қалады. Өтірік уәде жиі қайталанатын болса, шешілуі қиын шиеленіске ұласады.
Ешқашанда балаға өтірік айтушы болмаңыз.Үлкендердің жалған сөйлеу баланың үлкендерге деген сенімінің бірте-бірте жойылуына соқтырады.
Балаға берген уәдеңізде тұрыңыз.Ол түсінбей қалады деп немесе бәрібір түсінбейді деген оймен жалғандыққа берілмеңіз. Керісінше,балаңыз бәрін түсіне алады. Сіздің жалған айтып, жалтарғаныңызға дейін біліп қояды. Мысалы,қалтаңызда тиын-тебеніңіз жетіңкіремей, балаңызға тәттілер ала алмадыңыз. Мұны жұқалап түсіндіріп айтыңыз, еңбекақы алғанда міндетті түрде әперетініңізді ескертіп, уәде беріңіз. Сол уәдені орындаңыз. Бұл, әрине, «ақша жоқ» деп жүрсе қоя бергеннен немесе өтірік сылтау айтқаннан әлдеқайда жақсы. Тек шындықты түсіндіріп, жеткізе білгеніңіз жөн.
Бала үшін өзінің қатарластарымен достасып ойнау өте маңызды. Егер бала бірден тіл табысып кетуге қысылса, оған көмектесуге тура келеді. Оны қолынан жетектеп, балалардың ортасына барыңыз.Бала мәселесіне баланың ермегі деп қарамаңыз.Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы- бала. Бала – дербес тұлға. Бала тәрбиесі өте күрделі үрдіс. Ол ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала дегенде ет жүрегі елжіремейтін адам баласы жоқ шығар. Өйткені,ол ата-ананың ақ тілегі, қуанышы. Әрбір жас өркен-елдің ертегі, ұлттың болашағы. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі өте жоғары. Өйткені, ол ата-ананың ақ тілегі, қуанышы. Әрбір жас өркен-елдің ертеңі, ұлттың болашағы. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі өте жоғары. Өйткені бала дүниеге келген күннен бастап ата-ана ықпалында болып, өмірге бақыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Ата-аналар балаларын өздерінің өнегелі сөздерімен, жеке басының асыл қасиетімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш, еліктегіш келеді.Әр бала еркелеткенді, жылы сөйлегенді, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл-баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеті. Бұл — қасиет тек балаға ғана тән.Өйткені бала сезімі-пәк. «Бала тілі-бал», «Балалы үй-базар», «Балаға үміт арту әкенің парызы, ақтау баланың қарызы» — деген мақалды халық өте орынды айтқан. Баланы аялап, жылы сөйлеу-баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпалын тигізеді. Ал балаға ұрысу, балағаттау баланың бойында кек алу, өшпенділік қасиеттерді оятады. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол-перзенті.Отбасы-адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы мұрағатта тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана тәрбиешіге көмекші, сенімді тірек болса, тәрбиеші де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Бала балабақшаға келген күннен бастап, тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым- қатынас орын алуы тиіс. Өйткені, әр отбасының өзіндік әдет-ғұрыпы, қалыптасқан тәртібі болады. Жазушы педагог Ж Айтмауытов «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді.Солай болған соң балаға жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»-деген. Осы бір ұлағатты ойдың астарында отбасында ата-анасынан, талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан сәби тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамызда отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-ана тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді.
Абай атамыз өзінің 10-шы қара сөзінде «Әдемі баланы өзің алдайсың: әке, оны берем, міне, мұны берем деп, басында балаңды алдағанға мәз боласың?-деп балаларына теріс тәрбие беретін ата- аналарды санайды.Тәрбие білім өзегі болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болуы керек. Баланы дамыту, өй- өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата-ана да баланың жан дүниесін білуі керек, оны жеке тұлға ретінде тануы қажет.Отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.Бала отбасының бақыты. Баламен сөйлесе отырып қуаныңыз, себебі бала сіздің жаныңыздағы мереке.
Ештаева Мухлиса Мирзакаримовна
Түркістан облысы Қарабұлақ ауылы
«Маърифат ана» балабақшасы педагог-психологі