Home » Балабақша » БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары мен абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелен ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ата-ана өз баласын махаббатының нұры мен қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе»,-деп бабаларымыз айтқандай, баланы бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға: «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады.
Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана бар ма?! Тіпті, баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар көп. Бала тәрбиесі – қиында күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де, өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ, балаларын осы мақсаттарға тәрбиелеу әр ата-ана үшін үлкен еңбек, күш-жігерді қажет етеді. Біз балаларға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі, талапты қоймас бұрын, балаға өзіміз үлгі көрсете білуіміз керек. Баланың көзінше қырсық мінез көрсету, өзге адамды жамандау сияқты қылықтар бала бойына теріс көзқарастарды қалыптастыруға негіз болады. Бала тәрбиесін ойлайтын ата-ана, ең әуелі өзін тәрбиелегені жөн болар еді, — деп ойлаймын. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы – жас жеткіншектің еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек тәрбиеші ғана емес, әрбір ата-ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, мектеп маңын көгаландыру сияқты игілікті істерге белсене араласуын қамтамасыз еткені абзал. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет бала бойында берік дағдыға айналады.

Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршаға ортақ әрі жауапкершілігі зор міндет.


ОРАЗАЛИНА Эрика Сергеевна,
Май ауданы
«Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.