Мектепке дейінгі жастағы балаларды толеранттылықа тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақшаның тигізер әсері мол.
Ата-бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, оның нәрін бала бойына сініре білсек, еңбегіміздін жанғаны. Еліміздің болошағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеумізге тікелей байланысты. Жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру беру біздің негізгі мақсатымыз. Қазіргі оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндетердің бірі — бала тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болдып келе жатқан тұрмыс салтын, әдет ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін кеңінен қолдану.
Ата-баба дәстүрін жалғастырып, ұлттық тәрбиеге ден қойған тұтса, ой пікірдің мөлдір бастау саналатын ұлыларымыздың еңбектеріне үңілу бірінші кезекте тұрады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүйіп одан нәр алып өскен бала өзіне ғана емес ,өзгеге де құрметпен қарайды. Сондықтан саналы, салауатты халқымыздың барлық дәстүріне, әлем мәдениетіне қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына және балабақшада толеранттық тәрбие тікелей байланысты. Педагогтар өз ұйымдастырылған оқу қызыметіне кезенінде және әр іс-шараларда қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, үлгі дәстүрлерімен тәрбиелейді. Ол үшін топтарда заттық дамыту ортасын толықтырып өзгертіп, жаңартып, әр түрлі керек бұйымдармен тақырыбына байланысты жасалу қажет. Балалардың бойына толеранттық тәрбие оқу тәрбие жұмыстарымен ұштастыра отырып сіңіре білу тәрбиешінің кәсіби білімі мен шеберлігіне, қабілетіне байланысты. Бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда сол өнеге өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.
Ата-аналармен бірлесе жүргізілетін жұмыстар болу (сауалнама, жадынама, кеңес). Ұрпақ тәрбисі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өpici озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Петропавл қаласы
» Ақ бота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Мичкарева Татьяна Александровна