Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізді әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, бала тәрбиесінде әкенің маңызы зор екенін түсіндіру.
Барысы: Таныстыру.
- Дене қыздыру жаттығуы: «Қара жорға» биімен.
- Ситуациялық сұрақтар.
- Қол өнер (өз өнерін көрсету).
- Шариктерді жинау.
- Су жинау.
- Кедергіден доппен өту.
- Баланы киіндіру.
Сәлеметсіздерме, қонақтар, құрметті әкелер! Сіздерге арналған «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» сайысына қош келдіңіздер!
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгісі. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
Әке қатал болса да,
Сыйлау оны – бір құрмет.
Әке қандай болса да,
Қорқу одан – бір құрмет.
Әкенің бір сөзіне
Ешқандай тыйым жетпейді.
Әке қатты сөз айтса,
Есіңнен еш кетпейді.
Әкесін сыйлай білгендер
Көгереді, көктейді.
Олай болса, сайысымызды бастаймыз. Алдымен сайысымыздың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Бекесова Ақгүл
2.Қыдырбаева Амангүл
3.Жариева Нұржауған
Шаттық шеңбер: Жарыс заңды ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену , жалықпау.
1.Таныстыру:
1.Егемен елдің іші азатпыз ғой
Бөлінбейік біз өзі азақпыз ғой
Қайтеміз танысқанда руға бөліп,
Бәріміз бір атадан – Қазақпыз ғой!
2.Әлі де асу асып жетер едім
Жарыста топты жарып өтер едім
Көрермен мені қолдап отырсаңдар
Сендерді төбеме алып көтеремін
3.Қатар өскен жолдасқа
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа
4. Қане, қане жарысуды
Айналдырайық әдетке
Денемізді шынықтыру
Денсаулыққа қажет пе?!
5.Қане босқа тұрмайық
Намысты қолдан бермейік
Әкелер бүгін бас қосып
Бағымызды бір көрейік.
- Дене қыздыру жаттығуы. «Қара жорға» биімен
- Ситуациялық сұрақтар.
- Балаңызбен бірге қандай да бір ойын түрін ойнайсыз ба?
- Балаңыздың ең сүйікті тағамы?
- Жұмыстан келген соң ең алдымен не істейсіз?
- Балаңыздың төсегінің саны қандай, жанына кім жатады?
- Балаңыз және сіз қандай түсті ұнатасыз?
- Балаңыз қандай жағдайда қорқады немесе неден қорқады?
- Жеті санынан тұратын ертегіні атаңыз?
- Балаңыздың балабақшадағы досын атай аласыз ба?
- Балаңыз сізді тыңдамаса не істейсіз?
- Балаңыздың сүйікті мерекесі қандай?
4.Қол өнер (өз өнері)5.
5.Кедергіден доппен өту.
Допты аяқтың арасына қысып алып текшелер арасынан жүріп , межеде тұрған есепті шығарып, кері қайту.
- Су жинау.
Белгіленген межеге ас қасықпен суды төкпей-шашпай әкеліп стақандарға толтыру.
- Баланы киіндіру.
Белгіленген уақытта балаларды рет-ретімен киіндіру (бас киімін, мойын орағышын, күртешесін ,етігін).
Осымен «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты сайысымыз аяқталды. Құрметті әкелер сіздерге көп-көп рақмет қатысқандарыңызға! Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар!
Ибраева Шынар Издибаевна
«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК І санатты
психологі