Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әр бір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек».
Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балалар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заманн талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Балаға айналадағы өміршындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, бала-бақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан- жақты жетіледі. Білім беру жүйесіндегі реформалар педагогтардың кәсіби бағыттылығына жаңа талаптар қояды.Бұл талаптар келешек ұрпакты білімді, білікті етіп тәрбиелеуге міндеттейді.
Жас ұрпақ тәрбиесі–адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған құбылыс емес.Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс- тіршілігімен бірге жүріп отырады. Бұл маңызды іске ерекше көңіл бөлген Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2013 жылға қарай 73% да, 2020 жылға қарай 100% құрайтын болады» деген түжырымы бізді қуантты. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Елбасының бұл сөзін қолдау мақсатында және балалар біздің болашағымыз болғандықтан да осы болашаққа үлесімді қосу мақсатында Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы Баянды селосында 2014 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған О.Т.Отарова басқарған №7 «Айналайын» балабақшасында өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым.Әр бір баланы болашақтағы әр тұлға ретінде қарап ерекше күтіп, тәрбиелеп келемін және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру үшін де білікті мамандар жұмыс жасап келеді. Балабақшадағы бүлдіршіндер-болашақтың келбеті, ал мектепке дейінгі кезең-адам өміріндегі ұмытылмас шақ. Сондықтан №7 «Айналайын» балабақшасындағы балалар керемет шақтарын қызықты өткізеріне сенеміз. Өйткені бұл балабақша мүмкіндіктері барлық жағдайларды қамтыған. Сонымен қатар баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата — бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Ата-аналар таңертең бізге балаларын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі аманаттап бізге сеніп тапсырып кеткен балаларға жауапкершілікпен қарамауға болмайды. Себебі тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу ,тілімізді құрметтеу, әдет-ғұрыпты дамыту, ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайту. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. «Сәлем – сөздің анасы» дегендей баланы үлкенмен амандасуға ,достарымен амандасуға үйретуіміз керек.
Бала ата-ананың жүрегі, көз қуанышы, жан дауасы. Баласы бақытты болса, ата-анасы да бақытты. Баланың бұғанасы қатып,ер жетіп өскенін, есейіп азамат болғанын, қатарынан кем болмай тіршілік құрғанын, соның қуанышы мен бақытын көруден асқан арман бар ма?!
Сондықтан балаға екі жақтан да тәрбие бере отырып, үлкен жүректі , адамгершілігі мол азамат болып өсуіне атсалысайық.
Кадырчаева Мираш,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Баянды селосы
№7 «Айналайын» балабақшасының
тәрбиешісі