Баланы жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеуде отбасы басты рөл атқарады, халықтық педагогика — отбасындағы тәрбиенің негізі. Әрбір тұлғаның қалыптасуына, мінез-құлқының орнығынуына, жақсы қасиеттерінің сіңісуінде әке мен ана үлкен рөл атқарады. Қазақта жақсы сөз бар «Ұяда нені көрсең — ұшканда соны ілесің», өз шаңырағында нені көрсе, қандай тәрбие алса соған байланысты алдағы өмірде соған байланысты тұлға қалыптасады.
Отбасы бала тәрбиесінде оң және теріс әсер етуі мүмкін. Ал ата-анасыз өскен бала сыртқы ортаға қиын бейімделуі мүмкін. Әке – ер бала үшін ер-азаматтың мінез-құлқының үлгісі, іс-әрекетінің нақты көрінісі, ол үшін нағыз үлгі. Дүниеге келгеннен бастап ер балалар өзін қалай ұстау керектігін әкеден үйренеді. Өсе келе, 3-5 жасында бала әкеге ұқсағысы келеді, оған еліктейді. Әкенің анасына деген көзқарасына қарап, бала үйренеді, еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынасты бақылайды. Болашақта ұл бала отбасында өз-өзін ұстау үлгісін үйреніп, мінез-құлқы қалыптасады.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» делінген. Сондықтан да ата-ана балаға тиісті тәрбие беруі тиіс. олар заң алдында жауап береді. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ.
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан …» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.
«Бала – өмір гүлі», «бала – біздің болашағымыз» деген сияқты көптеген сөздер бар. Оларға алдымен тәрбие беріп, кейін білім беріп, аяғына тұруына көмектеседі. Кез келген балаға ата-анасының махаббаты керек. Балалардың келешгі отбасындағы тәрбиеге байланысты!
МАГАУОВА Алия Бахитовна,
«Балапан» бөбектер
бақшасы» КҚМК тәрбиешісі,
Ақсу қаласы Павлодар облысы.