Әрбір шаңыраққа алғашқы баланың дүниеге келуі өмірдегі ең бақыттың бастауы іспеттес. Бала- шаңыраққа бақыт, қуаныш, шаттық, мейірім мен мереке әкеледі. Ата-ана , ата-әже атағын бірге әкеліп қуаныш еселене береді. Ең алғашқы шілдехана тойын жасап, тербелген тал бесікке салып бесік жырымен әлдилейді. Бұл ата-бабаларымыздан бізге жеткен құнды тәрбие. Оның ең басты себептері- бала жастайынан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өссін деген ниет.
«Адамның бақыты-бала» деген ақыл сөзге құлақ асар болсақ баланы жастайынан тәрбиелеуіміз қажет. Бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұстаз-ата-ана. Бала үшінде ең ұлы тұлға ең бірінші –ата-ана. Бауырмалдылық, адамгершілік, мейірімділік, сыйластық, инабаттылық сияқты қасиеттер-жанұяда теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен бала бойына сіңеді. Сондықтан әке мен ана баланың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын жете білуі керек. Баламен әрдайым сырласып, ойын білу аса маңызды дүниелер болып табылады, Баламен сырласу ойын тыңдау – бала үшін болашаққа деген нақты көзқарас, мықты сенімді тудырады.
Қазіргі таңда кез келген жанұяда күн көріс қамымен –ата-аналар таң атқаннан қара кешке дейін жұмыста. Оған себеп өте көп. Ең алдымен қымбатшылық қара бұлттай қаптап тұрғаны бар, тағы бір себебі баланың жағдайын жасау, отбасын асырау. Осы орайда «Балабақша» қолайлы, таңертеңнен кешке дейін бала сақтық ортасында. Балабақшада бала ең алдымен – күн тәртібіне үйренеді. Уақытылы таңғы ас ішу, ұйымдастырылған оқу қызметімен танысу, ойын ойнау, серуенге шығу, сауықтыру шараларын жасау, түскі ас ішу, ұйықтау , жаттығу жасау сияқты. Балабақшадағы тәрбиешінің рөлі- ата-анадан кейінгі екінші орында. Тәрбиеші балаларға қандай тәрбие бере алады деген сауалдарға жауап берсем? Ең алдымен үйде еркін өскен балаға – тәртіппен отыруды, сұраққа жауап беруді, қабілетін дамытуды, сурет салуды, ән айтуды, бір-бірімен сыпайы ойнауды, санауды үйретеді. Сұрақ қойылғанда жылап не айтарын білмеген мінезі қиын балаларды бірте-бірте ашылып бала жақсы жағына өзгере бастайды. Баланы жақсы тәрбиелеу үшін- ата-анамен тәрбиеші бірлесе жұмыс жасау қажет. Ата-ана тәрбиешіге, тәрбиеші ата-анаға сену қате пікір. Баланың болашағы жақсы, мықты қаланған фундаментке байланысты. Бала жастайынан тілді меңгеруі қажет, өз ойын жеткізе білуі керек, балалармен жақсы қарым-қатынасты болуды, білімді, ақылды болып өсуі заманның талабына айналды. Тәрбиеші бала тәрбиелеу үшін ең алдымен – өзі ана болу керек деген ұстанымдамын. Себебі ана болған соң жүрегің мейірімге толы болып тұрады. Балаға бар білгенімді үйретсем, тәрбиелесем, жақсы тұлға болып қалыптасуына бір тамшы судай үлес қосудың өзі қандай бақыт.Тәрбиеші ең алдымен-мектепке дейінгі баланы тәрбиелеуші. Адамгершілік саналығы биік ата-ананың отбасы мүшелерінің бір-бірімен сырласуы, қолдасуы, көмегі, татулығымен ынтымағы бір-біріне талап қоя білуі әрқашан әділ болуы, білікті, іскер азаматтар өсіп шығады. Міне бақытты отбасының формуласы. Әке де анада, тәрбиешіде –болашақта мықты,өз-өзіне сенімді азамат пен азаматшалар тәрбиелеуші тұлғалар. «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар» -деген астарлы сөздермен өз ойымды түйіндесем. Өміріңізге мән беретін, үйіңізге сән кіргізетін, көңілге нұр құятын, жүрегіңізге мейірім сыйлайтын бауыр етіңіз балапандарың аман болсын, ғұмырлы болсын, хатта отысын, білімді, ақылды болып өсуіне сіз бюолып біз болып атсалысайық. Бал татыған балдырғандар болашағы – өз қолымызда. Бала – бақыт, бала – қуаныш, бала – шаттық, бала- мақтаныш. Баланы өсіріңіз- баланы мақтаңыз, бала шабыт сыйлаңыз- баланы үнемі ойлаңыз. Себебі мәртебеңізді көтеретінде, түсіретінде өз бауыр еті балаңың, Сұрағына жауап беріңіз, күнінің қалай өткенін сұраңыз. Не үйренгенін, балабақшада не жасағанын сұраңыз, Мақтаңыз, мадақтаңыз бала өзінің еңсесін көтерсін.
Есенқабылова Ақнұр Серікқызы,
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«Болашақ» ясли бақшасы
тәрбиеші