Home » Ашық сабақтар » «Бала тілін дамытуды дидактикалық ойынның рөлі»

«Бала тілін дамытуды дидактикалық ойынның рөлі»

Балалардың болашақ өмірінде ізденімпаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту негізінде дидактикалық ойындар барлық білім беру  салаларында  колданып  және өткізілгені дұрыс. Дидактикалық ойын мақсаттары: байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорың молайту, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жаныңа жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен  қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала пікірімен санасу және қоғамда өз көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Жоғарыда айтып кеткендей  білім берудін  салаларда қолданған тәсілдер және ойындары:  «Таным» саласына жататын пән «ҚМТҚ» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын ойындар: «Сиқырлы қапшық» Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
«Қатынас» саласының бір бөлімі «Сөйлеуді дамыту». «Қажет суретті тап»
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс — әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.
Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші  үлкен суретті балалардың бәрі көретіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып үстелге қояды. Не істегені туралы айтады. Ойынынң соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант, тоқаш т.б)
«Шығармашылық» саласына жататын «бейнелеу өнері», «мүсіндеу», «жапсыру» салалары бар. «Қуыршақты киіндіру» қағаздан қиылған киімдерді таңдап алып,қуыршақты киіндіру. Ойын барысында балалардың  тілдерін  дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті   ғажайып ертегілерді, аңыздарды  және т.б  әдебиеттерді пайдаланамын.   Қорытындылай келе, Ы.Алтынсаринның сөздерін еске алайық:  «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»
Шынымен де, қазіргі кезде түрлі жолдар тауып, оқыту технологиясының оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл әдістерді жүзеге асыру мұғалімнің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты.

 

Кузкенова Асемгуль Ануарбековна
Павлодар қаласы МҚКК №7 балалар
бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.