Home » Балабақша » Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары

Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары

 Саусақ ойыны-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени  шығармашылық.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген қызығушылығы артып, қабілеті дамып, ынтасы артады.Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте көп. Ұсақ моториканың дамуы саусақ қимылдарының белсенділігіне байланысты. Бала саусақтарын қимылдату арқылы сөйлеуге талпынады, есте сақтау қабілеті дамиды, қимыл-қозғалысы артып, икемділігі артады, танымдық деңгейі артып, тілдік қоры дамиды.

Саусақ ойынын балабақшада және үйде әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады.

Әдетте бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылысты сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындары арқылы жетілдіруге болады. Ал саусақ ойындарын балалар қызықтап ойнайды. Саусақ ойындар желілі рөлдік ойындардан  тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалады.

Саусақ ойындары- ойын қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік  шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.  Баланы ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.

Балаларды ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге балалармен тіл табыса білуге үйренеді.

Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын спихологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының шыңдалуына себепші. Балалардың тілін дамыту үшін бірнеше саусақ ойындары мен жаттығуларын жасауға болады.

«Санамақ» ойыны

Мақсаты: кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту

Бір, екі, үш, төрт, бес

Анаммен сурет саламын(алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші(қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері(қолымен кішкентай шеңбер салу)

Аузы сақинадан жасалған(ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар(қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ(оң қолының саусақтарын көрсетеді)

Сол қолымда бес саусақ(сол қолының саусақтарын көрсетеді)

Беске бесті қосқанда болады менде он сауса(екі қолының саусақтарын көрсетеді)

Үй жануарлары туралы саусақ ойындары

Ешкі

Күнде тәртіп бұзыпты,

Балаларды сүзіпті.

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті  (балалар саусақтарымен ешкіні жасайды)

 

Мысық

Пеш үстінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр (саусақтарымен мысықты жасайды)

 

Әтеш

Әдемі әтеш,

Таң атпай тұрыпты.

Оқастап жүрыпті,

Жан-жаққа қарапты.

Айдарын тарапты (саусақтарымен әтешті жасайды)

Қазым

Қазым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқында.

Жем шашайын жейсіңғбе?

Кәмпит берші дейсің бе?

Кәмпит тәтті болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш

(саусақтарымен қазды жасайды)

 

Тленчиева Баян Сагатовна

  № 7 ясли-бақша тәрбиешісі

   Талдықорған қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.