Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елдің барлық өңірінде көптеген неше түрлі шаралар ұйымдастырылып жатады. Осыған орай, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен ұстаздарына №7 мен №13 орта мектептердің оқушылары мен жетекшілері қайырымдылық концертін ұйымдастырып өткізді. Концерттік бағдарлама бастауын Грузияда өткен «Гамаржоба, Тбилиси» байқауының бас жүлде иегері Жалғас Айтқұл ән шырқады. Әрі қарай «Інжу» балабақшасының бүлдіршіндері өнерлерін көрермендерге паш етті. Содан соң этномәдени бірлестіктер ұжымдары – халық әндері мен ұлттық билері арқылы шығармашылық өнерлерін қатысушылардың назарына ұсынды. Жиын соңында мектеп-интернат директоры Ельмира Жақсылықова шараны ұйымдастырған жетекшілерге алғысын білідіріп, алғыс хат табыстады.
Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Осы орайда, ұшы-қиырына көз жетпейтін қазақ даласындағы балаларды көбейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі деуге болады.Сондықтан, еліміздегі әрбір жас отаудың иелері дүниеге сәби әкелуді тек қана ата-аналық парыз деп ойлап қоймай, ел мұратын да ойласа нұр үстіне нұр болар еді. Біздің ел – бейбітшілік ел. Олай болса, біздің балаларды бақытты елдің балалары деуге негіз бар.
Айгерім Назарова
Тараз қаласы, «Білім Айнасы»