Home » Мақалалар » Бала жүрегі – кішкентай күйсандық

Бала жүрегі – кішкентай күйсандық

             Әр адам балалық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Бұның өзі жай құбылыс емес, ол ізденіс, жас кезінен бастап, әр түрлі қимыл түрлеріне, көрген-білгендерін өз шама шарқына қарай жеткізе білуге, сурет салуға, би билеуге, музыкалық аспаптарда ойнауға және ән айтуға бейімделе бастайды. Бірақ, бұл қабілеттердің барлығы уақыт өте бәсеңдеп, ішінен өзіне керектісін ғана қабылдайды. Міне, осыған орай алдымызда үлкен міндет тұр, ол балаға да, ата-анаға да, мұғалімге де, яғни жеке тұлғаның потенциялды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту. Міне, осыған сүйене отырып, баланың болашағын анықтай аламыз. Бала қаншалықты икемді, шебер, дарынды болса да, оны оқытып тәрбиелеу керек екенін ұмытпауымыз қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
Ең алғаш рет, балалар күніне орай, біздің қаламызда да, қалалық білім бөлімінің басшылығымен үлкен мерекелік іс-шара жүргізілді. Осы іс-шараға, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған балалар шығармашылығының аймақтық «Күміс қоңырау» сайысының  III орын жүлдегері №14 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиеленушілері «Егемен Қазақстан» атты патриоттық әнді компазициясымен ашып шашу етті. Сол күнгі фестивальге қатысқан 32 баланың қуанышында шек жоқ дер едім. Жүректі де, жанды да жылытады. Жүзге еріксіз күлкі мен шаттық сыйлайды, маңайындағы бар адамзат пен табиғатты ерекше бір нұрландырады. Бөбекжай басшысы Айгуль Дюсенбаевна бөбекжай атынан балаларға сый-сияпат үлестірді.
Бұл күн біздің балалардың жадында өз қылықтарымен, риясыз күлкісімен мәңгі есте сақталады деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, «Бала жүрегі-кішкентай күйсандық» демекші сол сандықтың кілтін тапсаң ғана аша аласың. Ал, біз ұстаз, тәрбиешілер сол кілтті әрқайсымыз қолымызда ұстап, бала жүрегінен орын таба білейік демекпін.

                            

 Кисибаева Светлана Құндызбайқызы
№14 «Балдырған» бөбекжайы әдіскері
                                                                    Жезқазған қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.