Мақсаты:Ата — аналардың қарым — қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата — анамен оқушы арасындағы қарым — қатынасты нығайту.
Әдістері: пікіралмасу, сұрақ — жауап, тренинг сабақ.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Сәлем сөздің анасы» амандасу.
2. Тақырыпты ашу.
3. Көңіл күйді анықтау
4. Топқа бөлу. Шығармашылық тапсырма.
- Гүл теру. Пікірлесу
6. Баламды танып білем бе? ойын
7. Бала тілегі
8. Балама ақ тілек. - Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата — аналар! Бүгінгі біздің «Бала жанының сұлулығын түсін, ата — ана!» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!
- Сәлем сөздің анасы.
Ата — аналар орнынан тұрып, көрсетілген белгі арқылы бір-бірімен амандасады.
Нұсқау: Топ екіге бөлінеді. Екі шеңбер құрады: сыртқы және ішкі. Әр қатысушы өзіне серіктес табады. Қатысушылар бір-бірімен жүргізуші ұсынған түрмен амандасады. Содан кейін серіктестер сағат айналуымен ауысады.
Сәлемдесу түрлері:
- Ресейдегідей – үшқайтара сүйісіп құшақтау;
- Германиядағыдай – көзге тік қарап қол алысу;
- Франциядағыдай-екі бетке сүйіп қол алысу;
4.Қытайдағыдай-кеудесіне қолдарын айқастырып бас ию.
- Малайзиядағыдай-саусақтарының ұшымен қол алысу.
6.Жапониядағыдай-қолын жанында ұстап жай ғана бас ию.
- Испаниядағыдай-алақанын серіктесінің шынтағына салып бетінен сүю;
- Индиядағыдай-қосылған алақандарын маңдайының алдында ұстап, бас ию;
9.Эскимостар сияқты- мұрындарын бір-біріне тигізу;
10.Біздің таптағыдай-қатысушылар амандасудың өз түрін ұсыну керек.
- Тақырыпты ашу.
Ата-аналарға слайд арқылы тақырыпты ашу.
3. Көңіл қүйді анықтау.
Ата-аналар өздеріне ұнаған тәттіні таңдайды. Көңіл күйлерін айтады.
- Берілген тәтті арқылы топқа бөлінеді. Тапсырма беріледі.
- Бала деген кім?
- Бала сіздің кіміңіз?
- Бала үшін ата-ана кім?
Ата-аналар осы сұрақтар арқылы постер қорғайды. Ата-аналардың ойларын толықтырып жіберу.
5. Гүл теру. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата — аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір — бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.
Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс — әрекетіңіз.
- Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
- Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
- Балаларда қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
- Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
- «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?
- «Баламды танып білем бе?»
Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан ата — аналар жеке — жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.
Ата – аналарға кеңес
Ата-аналарға кеңес парақшасын тарату.
- Бейнебаянмен бала тілегі тыңдалады.
Баланы өте жақсы көру үшін күнде құшақтап тұру керек.
Өте жақсы өмір сүру үшін күніне 4 рет құшақтап тұру керек.
Дені сау болу үшін күніне 8 рет, өсу үшін күніне 12 рет құшақтап тұру керек.
- Балама ақ тілек.
Топқа бөлінген ата-аналар ағаш салады да, өз балаларына арнаған тілектерін стикерге жазып, cол ағашына іледі.
9. Қорытынды. (би және ән)
Ата — анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой — өлкесі,- деп Абай атамыз ата — ананың қуанышы, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата — аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.
Назарларыңызға көп- көп рахмет
Бакирова Ракима Абибулдаевна
Қарағанды қаласы
«№102 мектеп-гимназия» КММ
бастауыш сынып мұғалімі