Home » Білім және тұлға » Бала жанының бағбанымын

Бала жанының бағбанымын

«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша

 — Қайырлы күн! Ашық әңгімені бастау үшін өзіңіз туралы мәлімет бере өтсеңіз?

— Мен Искакова Гульмира Толеухановна 8 қазан, 1971 жылы Алматы облысы, Сарқан ауданы, Пограничник ауылы, қарапайым отбасында дүниеге келдім. Өзімнің туған жерім Пограничник ауылындағы орта мектепке 1979 жылы 1 сыныпқа бардым. Туған жерімде орыс ұлты көп тұратын.

— Ооо, бұл дегеніңіз ғажап қой! Мектеп деп қалдыңыз. Сол шаққа бір саяхат жасайықшы…

— Иә, ол кездер санамда әлі сайрап тұр. Ең алғаш мектепке келгенде мектеп директоры Любовь Петровна менің бойымды көріп, мына қыз сөмкесін көтере алмайды деп алмай қойған, тағы бір жыл жүре тұрсын деп айтқанда, әкеме жылап отырып мектепке әйтеуір алындым. Мектептегі ең алғашқы ұстазымды әлі есімде, аты-жөні Салима Байбатырқызы. Ол апайдың жазуы маржандай тізілген, өте әдемі болатын.Мектеп кезіндегі есімде қалған естеліктердің бірі (ол кезде кеңес дәуірі кезеңі) 1-мамыр мерекесі кезеңінде трибунаға шығып өлең оқығаным, жиналған қауымның маған риза болып қол соғып, әкемнің маған риза болғанын әлі күнге дейін ұмытпаймын. Сол күні қатты суық болды, сонда мектеп директоры мені өзінің пальтосымен орап, трибунадағы адамдар арасында бойым кіп-кішкентай болып тұрғанда директордың басын шайқап, «әлі де кішкентайсың, бірақ, талабың таудай» деп айтқаны есімнен әлі күнге дейін кетпейді.Қазақ халқы ырымшыл халық қой, сол кездегі директордың пальтосын жамылуым, мені білім саласына жетелеген алғашқы жолдың бірі деп ойлаймын. Сонымен қатар, сол 1-сыныптағы жаңа жылдық мереке мен үшін ұмытылмас жыл болды десем артық айтпағаным болар. Сол жаңа жылда «көбелек» болып киініп, І-орынды иеленіп, сыйлыққа қуыршақ алғанда өзімнен асқан бақытты бала жоқ болғандай көрінді.Жылда жаңа жылды қарсы алғанда кезде, сонау бала күнімдегі жаңа жылды сағынышпен есіме аламын. Есейген кездімді еске алатын болсам, 10-сыныпты бітірген кездегі қоштасу кезі, соның ішінде мектеп директорымен бірге таңды қарсы алғанымыз, бір-бірімізге айтылған тілектер, директордың бізге берген ақ батасы есімде қалды.

— Қазақта «Үлкеннен қарғыс алма, алғыс ал» деген жақсы нақыл сөз бар. Өзіңізге алғыс жаудырып,жақсылық тілегендер көп көрінеді. Ізгі ниет нені өзгертті? Еңбек жолыңызда қандай жоспар жүзеге асты?

— Сұрағыңыз өте орынды. Өзім кішкентай кезімнен бастап, мұғалім болуды көп армандағанмын. Көршілердің балаларымен бірге «мұғалім» болып көп ойнайтынбыз. Сонау бала күнгі арманды жүзеге асыру мақсатында, 1989 жылы 10-сыныпты аяқтағаннан соң Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы педагогика институтына құжат тапсырып, оқуға түсе алмадым.Содан еңбек жолымды, өзімнің туған ауылымда қарапайым жұмыстан бастадым.Одан аудан орталығымыз Сарқан қаласында «хатшы/секретарь» дайындайтын курсқа жазылып, оны аяқтап шықтым. Содан өзімнің ауылым Пограничникте әлеуметтік қызметкер жұмысына тұрып, біраз істеп, өзімнің туған мектебіме хатшы болып орналастым. Хатшылық қызметте жүріп, мұғалімдердің сабақ беру тәсілдеріне қызыға қарап жүргенім де болды. «Шіркін, бала күнгі арманым қай күні орындалар екен….»деген сауалдар да болғаны рас.Адам арманына қол жеткізу үшін қандай қиындық болса да жеңу керектігін сезіндім, түбі қайтсем де мұғалім боламын деген оймен, сол жылы Алматы облысы Жаркент қаласындағы педагогикалық колледжге оқуға түсіп, үш жылдан соң «үздік диплом» алып, оқуды аяқтап, өзімнің туған ауылымда бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмысымды бастадым. Сол еңбек жолымды 1999 жылға дейін туған ауылымда еңбек еттім, 2000 жылы отбасылық жағдайыма байланысты Алматы қаласына көшіп келіп, Алматы қаласы Әуезов ауданындағы № 243 бала-бақшада қызмет еттім.2002-жылдан № 102 ЖББ мектепте қазіргі уақытқа дейін бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет атқарып келемін. Алматыға келгеннен кейін Қазақ қыздар Мемлекеттік педагогика университетіне оқуға түсіп, «үздік дипломмен» аяқтадым. Қазіргі таңда осы мектепте жұмыс жасап келемін.Осы уақытқа дейін төрт рет бастауыш сыныпты шығардым.Ең алғашқы осы мектептегі түлектерім, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында оқып жатса, кейбіреулері отбасылы болып отыр. Оқушылар хабарласып ,қал-жағдайды, сұрап, бала күнгі қызықты оқиғаларын айтып тұрады.Бала күндегі жасаған қылықтарын айтып есімізге түсіріп отырамыз.

— Бала күн демекші, кешегі және бүгінгі армандарыңызды айта өтсеңіз…

— Қазақ халқында «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген дана сөз бар. Мен де бала күнімде қазіргі балалар секілді армандадым деп айта аламын.Сол армандарымның ішіндегі ең асылы-мұғалім болу. Бала күнгі арманды жүзеге қайтсем де асырамын деген оймен мұғалім болу үшін көп еңбектендім.Осы уақытта дейінгі «мұғалім», «апай» атағына ие болу үшін көп тер төктім десем артық айтағаным болар.Бал кезімізде көршінің қыздарымен бірге «мұғалім» ойынын ойнайтынбыз. Жер үстелдің үстіне жағалай отырған «оқушыларға» сабақ түсіндіретінмін. Ол кезде тақта, бор деген, қазіргі замандағы сияқты әр балада болмады. Тақта ретінде тақтайды, ал бор ретінде жартылай жанған ағаштың қара күйесімен жазатынбыз. Сонымен қатар, қыздармен бірге шағын «концерт» қойып, өзіміздің өнерлерімізді ортаға салатынбыз. Сонау алысқа ұзап кеткен тәтті балалық шақтағы арманымның орындалып, бүгінгі күні ұстаздық қызметіме өз басым ризамын. Әрине,адам да армандар өте көп. Армандап біраз жерге саяхаттап барасыз.Қазіргі кездегі арманым, өзім тәрбиелеп отырған әрбір шәкірт өмірде өз орнын адаспай таба білсе екен деп армандаймын. «Ұстаздан шәкірт озар…» деген нақыл сөзді ылғи басшылыққа аламын, өзімнен озып, менің жолымды жалғастыратын ұстаз шықса екен деп армандаймын. Қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, өзінің жанынан мыңдаған ұстаз тәрбиелей алған дана, ғұлама педагог Ыбырай атамыз сияқты, менің де жаққан жұлдыздарым көп болса екен деп армандаймын.

— Алла сол арманды шындыққа айналдыруыңызға күш-қуат берсін. Сіздің ойыңызша,мамандығыңыздың басқа саладан айырмашылығы неде болды екен?

Мен өзімнің мамандығыммен мақтанамын, өйткені мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өзіңнің білгеніңді басқаларға үйретуден жалықпаған мұғалім нағыз мұғалім бола алады деп есептеймін. Сондықтан менің мамандығымның басқадан айырмашылығы,ерекшелігі –өз білгеніңді басқаға үйретуде деп есептеймін.Жалпы мамандықтың барлығы жақсы, тек жүрегіңе жақын,сонымен қатар сүйіспеншілікпен таңдалған мамандық бойынша жұмыс жасаған адам, әрқашанда оның жемісін көре алады деп ойлаймын.Жалпы, бұл менің өзімнің пікірім.

— Әдеттегі қоятын әдемі бір сұрағым бар.Өткен өміріңіз қайта оралса осы тағдырды тағы да таңдарма едіңіз?

— Әрине, осы бала күнгі армандаған мамандығым-мұғалімдікті таңдар едім.Сонымен қатар,осы кезге дейінгі жұмыс барысындағы жіберілген «әттең-айлар» болса, соны жоюға тырысар едім.

— Болмысыңызды ашу үшін,бойыңыздағы жақсы-жаман мінезіңізді өз аузыңызбен айта отырсаңыз?

— Адам баласы мінсіз болмайды. Жалпы өмірде де жақсы мен жаман қатар жүретін қасиет. Егерде, жақсы қасиетімді айтар болсам, біреуге қолымнан келгенше көмек көрсету. Ал жаман жағым, өте уайымшылмын, тез жылай саламын. Болымсыз нәрсеге болса да уайымдай беремін.

— Ал, мақсатыңыз бен ұстанымыңыз қандай?

— Мақсатым оқушылар бойына ең бірінші-адамгершілік қасиеттерді дарытып, өмірде өз орындарын таба білуге баулу. Өмірлік ұстанымым: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, білімің мен еңбегің екі жақтап» деп Абай атамыз айтып кеткен дана сөзін үнемі жадымнан шығармаймын.

— Оқушылардың тілін қалай табасыз және қалай жұмыс істейсіз?

— Олармен өзімен жасты,бала секілді сөйлесе алатын қасиетім бар.Бала жанын түсінуге тырысамын,әрине талапты қатаң түрде қоямын.Себебі, талап бар жерде тәртіп бар, ал тәртіп бар жерде бәрі бар. Жалпы мен үшін әрбір шәкірттің бойында мақтауға тұрарлық қасиеті бар. Мейлі оның сабағы нашар болып тұрса да, оның бойында басқаға ұқсамамайтын ерекше қасиеті бар. Сол үшін ешқайсысын бөлгім келмейді. Дегенмен де сіздің сұрағыңызға жауап беретін болсам, мақтап айтатын шәкірттерім көп. Атап айтсам (ауылдағы мектептегі шәкірттерім) Бекмуратов Асхат, Ақбаев Ержан, Қырықбаев Айдос, Битимбаева Айнұр, Серікбаева Гузель, Дакеева Назгуль, Какенова Динара. Алматы қаласындағы № 102 мектептегі шәкірттерім: Әділжанова Аида, Көпжасаров Әнуар, Күнтубек Гүлнұр, Ешімбаева Мадина, Нүкебай Гүлназ, Бөшен Мадияр, Ростами Хания, Маратов Мұрат, Сакенова Малика., Дәулетқалиқызы Қарлығаш, Данабек Ислам, Ростами Мухамедхади, Байжанова Амина, Исмайлова Дариға, Қасымқанова Жанерке, Оразбекова Алуа.Бүгінгі таңда өзім сабақ беріп отырған сыныбымда да мақтауға тұрарлық оқушылар өте көп.Олар: Жақан Мейірбек, Оспан Алуа,Сұлтанбек Бейбарыс, Болатхан Ерсұлтан, Бекмуханбет Ералы, Нұрбаттал Медет, Қайыркен Бек, Кулбаева Асыл, Сагатова Малика, Абилда Байжан, Нурыш Ажар, Искак Айым. Тілеулесов Қуаныш, Кибебаев Нуржан, Қуандықова Алина, Қуандық Абылай, Нұрқасым Аружан, Кукентаев Ерасыл, Қанағат Әнел, Шыңғысова Дильназ, Исмайлов Азамат, Канатов Амирхан, Қадырболат Ажар, Ержан Сара.

— Cіз үшін ұстаз болу деген

— Мен үшін ұстаз болу-бала жанының бағбаны болу деп айта аламын. (бір сөзбен айтқанда)

— Тамаша тұжырым! Балақайлардың бал қылығына талай куә болған боларсыз:

— Керемет кездерді еске түсіруге себеп болып отырсыз.Сізге үлкен рақмет! Сыныптың оқушылары болғандықтан олардың, балдай тәтті қылықтары өте көп қой! Дегенмен, ең есте қаларлық қылықтары-ауылдағы мектепте сабақ беріп жүрген кезде Салтанат есімді оқушым бір күні келіп, маған : «Апай, мен сізді түсімде көрдім,сіз өліп қалыпсыз. Енді бізге сабақты кім береді?» деп уайымдап шықтым дегені есімде қалыпты, ал қала мектептеріне келер болсам, өзінің есімі де ерекше Анас есімді оқушым(ұл бала) 1-сыныпқа келгенде, «Мына жазуың не, неге дұрыс жазбайсың?Жолдан асырмай жаз!» деп айтқанымда оның маған «Сенімен ойнамаймын, кел достан шығамын!» деп, соңғы кішкентай бөбек (соңғы саусағын) әкеліп созып тұрған тәтті қылығы есімнен кетпейді.

— Міне, менің де айтарым осы.Есіңізден кетпейтін осындай естеліктеріңіз көбейе берсін!Сөз соңында атыңыз сан рет аталып, еңбек атты қоржыныңыздағы ие болған марапаттарыңызды атап өтсеңіз:

Мектепішілік «Ең үздік сынып» байқауы, ІІ-орын 21.01.2013 жыл (3 А сыныбы); Мектепішілік «Қазақстан халықтарының бірлігі» атты мерекелік сайыс, «БАС ЖҮЛДЕ» 03.05.2013 жыл;

Мектепішілік «Сап түзеу мен ән» байқауы, ІІ-орын,   10.05.2013 жыл; Аудандық мақтау грамотасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық кабинеттер байқауы, «Үздік пән кабинеті», Жетісу аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы, 2013 жыл; «Бастауыш мектепте оқыту»республикалық әдістемелік-журнал, № 5(65) 2014 ж «Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі» ашық тәрбие сағаты; «Балалар әлемі» республикалық журналы, оқушылар арасындағы сурет салудан байқауға оқушылар суреттері жарияланды; жүлделі І,ІІ-орындар; Мектепішілік «Құрмет грамотасы «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен жетістіктері үшін; 03.10.2015 жыл; «Ерлігі-елге мұра» республикалық мұра, өнер байқауы Бақытжан Әділет (1 сынып оқушысы) І-орын «Көркемсөз оқу»; «Нұр Отан» партиясы, Жетісу аудандық филиалы, «Алғыс хат» 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі, 05.03.2016 жыл; «Нұрлы жастар» продюсерлік орталығы,«Көктем гүлі-әз Наурыз» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы көркем сөз,ән-би байқауы, алғыс хаты . 2016 жыл; «Нұрлы жастар» продюсерлік орталығы,«Көктем гүлі-әз Наурыз» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы көркем сөз,ән-би байқауы, «Үздік ұстазға алғыс». 2016 жыл; Нұрлы жастар» продюсерлік орталығы,«Мәңгі жас Алматыға-1000 жыл» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы көркем сөз,ән-би байқауы, алғыс хаты . 23.09. 2016 жыл; «АКМЕ» ғылыми-зерттеу орталығы , «Білімдегі инновация: теория және тәжірибе» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ,«Оқушылардың дарындылығын дамыту», мақаласы, 25.03.2016 жыл; Бастауыш сынып оқушылары арасындағы ІҮ Республикалық «Ғылымға алғашқы қадам» атты ғылыми жұмыстары сайысының жеңімпазын дайындағаны үшін «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы, ІІ-орын, диплом 05.06.2017 жыл; Жетісу аудандық Білім беру мекемесі, «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай мақтау қағазы. 01.10.2017 жыл; Сонымен қатар, осы орайда өз жетекшілігіммен орын алған жүлдегер     оқушыларымды атап өткенді жөн көріп отырмын.

  1. «Ерлігі-елге мұра» республикалық мұра, өнер байқауы Бақытжан Әділет , Нұрбаттал Медет (1 сынып оқушылары) І-орын «Көркемсөз оқу»
  2. Кулбаева Асыл:

-«Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған»музыкалы-театрландырылған мерекелік кеште патриоттық әнді орындағаны үшін мақтау қағазы;2015 жыл

-Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Әнші болғым келеді…»продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен ҚР халық артисі, композитор Алтынбек Қоразбаевтың балаларға арналған «Туған жерім –тамаша» атты республикалық байқау дипломанты. 2016 жыл;

3.Жақан Мейірбек:

Көктем гүлі – әз Наурыз» Республикалық көркес сөз, ән-би байқауының І-орын, 2016 жыл, «Нұрлы жастар» продюсерлік орталығы

— «Мәңгі жас Алматыға-1000 жыл» балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық ән-би байқауы, «көркемсөз» , І-орын

— «Еңсесі биік 25 жыл» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауы, ІІ-дәрежелі лауреат, 2016 жыл;

— «Сырым бар жүрегімде» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауының І-орын, 13.02.2017 жыл;

-«Жеңіспен келген көктем» балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық ән-би байқауы, «көркемсөз» , І-орын;

4.Оспан Алуа:

— «Мәңгі жас Алматыға-1000 жыл» балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық ән-би байқауы, «көркемсөз» , І-орын;

-«Еңсесі биік 25 жыл» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауы, ІІ-дәрежелі лауреат 2016 жыл ;

-«Көктем гүлі – әз Наурыз» Республикалық көркес сөз, ән-би байқауының І-орын, 2016 жыл, «Нұрлы жастар» продюсерлік орталығы;

«Сырым бар жүрегімде» Республикалық көркес сөз, ән-би байқауының І-орын, 13.02.2017 жыл;

-«Жеңіспен келген көктем» балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық ән-би байқауы, «көркемсөз» , І-орын.15.05.2017 жыл;

-Бастауыш сынып оқушылары арасындағы ІҮ Республикалық «Ғылымға алғашқы қадам» атты ғылыми жұмыстары сайысының жеңімпазы, «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы, ІІ-орын, диплом 05.06.2017 жыл;

  1. Нұрбаттал Медет:

-«Еңсесі биік 25 жыл» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауы, ІІ-дәрежелі лауреат, 2016 жыл;

Сырым бар жүрегімде» Республикалық көркес сөз, ән-би байқауының ІІ-орын, 13.02.2017 жыл;

-«Жеңіспен келген көктем» балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық ән-би байқауы, «көркемсөз» , ІІІ-орын.15.05.2017 жыл;

  1. Сагатова Малика – «Балалар әлемі» журналының Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай жас суретшілер арасында І-орын иегері, 2015 жыл;
  2. Болатхан Ерсұлтан

-«Сырым бар жүрегімде» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауының ІІ-орын, 13.02.2017 жыл;

8.Қайыркен Бек-«Көктем гүлі – әз Наурыз» Республикалық көркем сөз, ән-би байқауының ІІ-орын, 2016 жыл, «Нұрлы жастар» продюсерлік орталығы;

  1. Болатхан Ерсұлтан-

-«Бейбітшілік әлемі-Планета мира-World of Peace» Халықаралық Шығармашылық Бірлестігі, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясы, ақын М.Мақатаевқа арналған «Бақытым халқым менің» оқушылар мен жасөспірімдер фестиавлі, І-орын, 10.02.2018 жыл;

— Сөз жоқ. Еңбегіңіз елене берсін, марапатыңыз көбейе берсін! Ең әсерлі, ең керемет  сұқбат болды. Гульмира Төлеухановна сізге тек деніңіздің саулығын тілеймін.Әрдәйім осындай ашық,қарапайым қалпыңызда қалыңыз. Еңбегіңіз жемісті, ісіңіз берекелі болсын деймін!

                                                                                                   

Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.