Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың«Қазақстан-2050» Стратегиясында
«Балалар — қоғамның ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір
сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын»-
деп атап өткен болатын.
Ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап, «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» — ұлттық ақпараттық науқаны басталды. Ұлттық ақпараттық науқанның мақсаты – бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпаратталығын арттыру болып табылады.
Аталған акция шеңберінде 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне және ұлттық ақпараттық кампанияның басталуына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Шараға мектептің азқамтылған, көпбалалы және қамқорлықтағы отбасының балалары қатысты.
Жоспар бойынша 3-8 маусым аралығында балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мамандарды шақыра отырып, мектеп жанындағы және профильді лагерьлерде «Бала құқығын қанау» тақырыбында дөңгелек үстелдері өткізілді. Мектеп кітапханашысы Б.Б.Касанованың ұйымдастыруымен он екі күн бойы бала еңбегін қанау мәселелері бойынша әдістемелік, нормативті-құқықтық көрмесі өткізілді. 8-9 сынып оқушылары үшін «Менің құқығым, менің міндеттерім» атты үгіт бригадасының баяндамасы ұйымдастырылды, үгіт бригадасының құрамына жоғары сынып оқушылары енді. Мектеп оқушыларына «Отбасы құндылықтары мен бақытты балалық шақ», «Мен мұнда ешқашан қайтып келмеймін …» тақырыптарында позитивті, насихаттаушы бейнероликтерді көрсету ұйымдастырылды.
Мектептің сынып жетекшілерінің бастамасымен «Өз құқығыңды білесің бе?», «Бізді конвенция қорғайды» тақырыптарымен бала еңбегін қанау туралы түсіндіру жұмыстарының ақпараттық тобы жұмыс істеді. Мектептің әлеуметтік желелерінде ата-аналарға арналған «Бала еңбегі бұл не?» ақпараттық нұсқаулықтар жарияланды. Жазғы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілер арасында «Тоқта! Бала еңбегі» тақырыбында флеш-моб ұйымдастырылып, өткізілді. Мектеп психологы мен мұғалімдері және арнайы құқық қорғау органдарының қатысуымен диқандар алқабына, ЖШС, бензин құятын бекеттері, құрылыс орындарына және дәмхана мен ойын-сауық орталықтарына рейдтер жүргізілді. Тексерілген объектілер бойынша еңбекке тартылған бала болған жоқ.
Ақпараттық науқан кезеңінде 1-12 маусым аралығында «Сенім телефон» қызметіне балалар еңбегін қанау туралы фактілер бойынша мәліметтер түскен жоқ.
Мектептің әлеуметтік желісінде, ата-аналар парақшасы мен оқушылар парақшасының барлық жерлерде ұлттық және аймақтық деңгейде сенім телефондары жұмыс істейтіні хабарланды. Әрбір бала немесе ересек адам сенім телефондарына хабарласып, ауылымыздағы бала еңбегі проблемасы туралы айтып, оның шешілу жолын таба алатыны туралы және ол үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнаулы «жедел желісі»- , Қазақстан балалары мен жастарына арналған 111 ұлттық сенім телефоны – «111» хабарламсы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Болашағымыз — балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес.Әрбір баланың құқықтарын насихаттау және қорғауға, балалардың құқықтарын іске асыруға көмектесуге және балаларға құрметпен , қамқорлықпен қарау біздің міндетіміз деп білемін.
С.Д.Сеилханова,
Железин №3 ЖББ орта мектеп
ДТІЖ орынбасары.