Home » Балабақша » Бала – біздің болашағымыз

Бала – біздің болашағымыз

(Ата-аналарға арналған тренинг)

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау арқылы ата-аналардың психологиялық білімдерін көтеруге көмектесу. Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әр отбасында жақсы тәрбие беруіне ықпал жасап, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы және өз баласына жақсы тануға көмек көрсету. Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы баласы екеніне көз жеткізу.

Барысы: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі өткізгелі отырған тренингіміздің тақырыбы: «Бала – біздің болашағымыз!» Отбасы – әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, бұғанасын бекітіп, үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр.

  1. Танысу «Қуыршақ терапиясы»

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі тренингімді мен «Танысу жаттығуымен» бастағым келіп отыр. Ата-аналармен танысуды «Қуыршақ» терапиясы арқылы жүзеге асырамыз. Ақ қағаздан куыршақ жасайды. Ол – сиқырлы әрі қасиеті бар қуыршақ. Сол жасаған қуыршақ арқылы өздеріңізді таныстырамыз, яғни ат қоямыз. Оны өз қалауыңызша атауға болады.

  • Танысқанда «Бір кезде бір қуыршақ дүниеге келіпті……..» деп ертегісін бастайды. Яғни, сол жасаған қуыршақ арқылы өзі туралы айтып, қайда туып-өскені, неше баласы бар екені, отбасы туралы айтып, баяндап береді.
  1.  «Алма тоғай» тренингі.

Мақсаты: Ата-аналарға басты байлық баланың болашағы екеніне көз жеткізу. Бала өсіп келе жатқан жас шыбық тәрізді. Оны қалай ексең, солай өседі. Егер де оны күтпесең, оған не болатыны, әрине, барлығымызға аян. Енді барлығымыз мына алма тоғайға қарайық, ол өсіп келе жатыр. Бірақ әлі жемісін берген жоқ. Біздің балаларымыз да өсіп – ержетіп келе жатыр. Олар – біздің болашағымыз. Баламыздың болашағы жемісті болуы үшін біз не істеуіміз керек. Мен сіздерге қазір алманың суретін таратамын, ал сіздер сол алмаға балаңыздың болашағы  жемісті болуы үшін не істейтіңізді жазып, алма ағашына апарып, оқып ілулеріңіз керек.

Міне, енді біздің алма ағашымыз өз жемісін берді. Бірақ біздің балаларымыздың болашағы әлі алда. Мен сіздерге де балаларыңыздың болашағы осындай жемісті болсын деймін. Әрине оның барлығы біздің өз қолымызда.

  1. «Менің сүйікті отбасым!»

Балалардың салған суреттерін ата-аналарына көрсету арқылы өз баласының суретін тану керек.

  1. Ой жинақтау

Ата-аналарды үш топқа бөліп, тақырыптар беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. 1. Бала білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек?

  1. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе? 3. Мұғалім мен ата-ана байланысының тиімділігі бар ма?
  2. Қорытынды:

 Қорыта айтқанда, отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру қажет. Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.

 

Мендешова Айзада Бауыржанқызы,
Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы
Сарықұдық негізгі жалпы білім беретін мектебінің психологі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.