Home » Арнайы жоба » Бала бойындағы интеллект түрлері

Бала бойындағы интеллект түрлері

Интеллект дегеніміз не?

Интеллект дегеніміз – бір және бірнеше мәдениет ішіндегі бағалау деңгейін білу, мәселелерді шешу тәсілдерін білу, өз өнімдерін шығару.

Интеллектің сегіз түрі:

  1. Вербальды-лингвистикалық – сөз, сөйлеу білу.
  2. Логикалық-математикалық цифрларды пайдалана білу, логикалық ойлау.
  3. Визуальды-кеңістіктік – бейнелей білу
  4. Музыкалық-ритмикалық – музыканы түсіну.
  5. Дене-кинетикалық-денесін білу.
  6. Адами-тұлғалық – адамдармен байланыс
  7. Ішкі тұлғалық – өзін тану
  8. Табиғат – табиғатты сезіну, түсіну.

Енді, осы интеллектінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

  1. Вербальды-лингвистикалық. Адамның өміріндегі ең маңызды интеллектінің бірі. Аузынан шыққан, қолымен жазылған сөздердің мағынасын түсіну, грамматикалық ережелер жиынтығын жасына сәйкес пайдалану, сөйлем құрастыра білу; дыбыс, екпінді дұрыс айту; Қай кезде оқушы осы маңызды интеллектіні көрсете алады? Оқығанда, жазғанда, ережелерге сәйкес жаттығулар орындағанда; Сөйлегенде, сөзбен ойындар ойнағанда өз ақыл дәрежесін көрсетеді. Ең үлкен жетістігі қашан көрінеді? 1) Пікірталаста, хат жазуда, бір тақырыпты қорғаған кезде анық көрінеді.
  2. Логикалық-математикалық. Бұл дәлдік негізге сүйенген ғылым саласын көрсетеді. Бұл интеллект обьектілер және оның қасиеттері мен ерекшеліктеріне тоқталады. Сандық таңбаны таниды. Осы интеллектіміздің арқасында айнала қоршаған әлемдегі жүйелілікті, бірізділікті және тепе-теңдікті жобалар мен сызбалар арқылы түсінеміз. Қай кезде оқушы бұл интеллектісін көрсете алады? Цифрларды төрт амалға салып, қосып азайтқанда; Есептер шығарады, денелер мен заттар арасындағы логикалық байланысты оқып зерттеп үйренеді.
  3. Визуальды – кеңістіктік интеллект. Бұл интеллектінің қызметі не? Ол әлемді қабылдау, бейнелерді қалыптастыру. Мысалы: жадыңдағы бейнелерді сөзбен суреттеп, айтып бере аласың. Бейнелеу – көптеген проблемаларды шешуде, есіне түсіруде маңызды ресурс. Бұл интеллект түрін балалар қай кезде көрсете алады? Көркемөнерпаздық қабілет, түстерді тани білу, пайдалану, кез-келген нәрсені бейнелеп көрсете білу, сурет салу, мүсіндей білу; Кеңістікте бағдарлай біледі. Осының барлығын бала не арқылы үйрене алады?
  1. Сурет арқылы
  2. Көрнекі құрал арқылы
  3. Фильмдер, слайдтар арқылы
  1. Музыкалық-ритмикалық интеллект. Бұл интеллектінің түрі балада өте ерте пайда болады. Ырғақты түсіну, музыка тыңдау; Барлық интеллектінің арасында баланың миына музыка және ырғақ арқылы санасы мен көңіл-күйін қалыптастыруда үлкен орын алады. Сөз әлемі қанаттандырады, қуаныш пен қайғыны түсінеді, көңіл-күйін тұрақтандырады. Бұл интеллектіні оқушы қай кезде көрсете алады? Музыканы үнемі тыңдайды, белгілі бір аспапта ойнай біледі, ән айтады; Оларға осы сәт өте қатты ұнайды. Егер оқыту процесінде музыка және өлең пайдаланса, оқушыға оқу әлдеқайда жеңіл болар еді.
  2. Дене-кинетикалық интеллект. Өзін таныту үшін дене мүшелерін пайдалану. Тапсырма кезінде дене мүшелерін қатыстыру, жүйке жүйесінің белсенділігін қатыстыру, жүйке жүйесінің белсенділігін арттырады. Бұл хабарлама дене мүшелерінің бұлшық еттерінде сақталып қалады. Қай кезде оқушы бұл интеллектіні көрсете алады? Денешынықтыру жаттығуларын жасағанда, билейді, спорт түрімен айналысады; Егер сабақ үстінде әртүрлі қимыл, жест түрлерін пайдаланса, оқу жеңілірек өтеді.
  3. Адами – тұлғалық интеллект. Бұл интеллект түрі басқа адамдармен қарым-қатынас, байланысты көрсетеді. Эмоция, көңіл-күй, емеурін, белсенділік осы жерде көрінеді. Бұл интеллектіні оқушы қай кезде көрсете алады? Олар достаса біледі, басқарушы, ұйымдастырушы бола біледі. Өзін басқа адамның орнына қоя біледі және сол адамның көзімен айналасындағы заттарға қарай біледі. Олар адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, оқып үйренеді.
  4. Ішкі – жеке тұлғалық интеллект. Бұл интеллект түрі өзінің «Мені» мен сезімдерін және көңіл-күйін көрсете алады. Негізгі бөлігі – өзінің жеке бейнесі. Ол оған өзін жеке және тұтас тани білуді және сананың ең жоғары дәрежесіне жетуге жол ашады. Қай кезде оқушы бұл интеллектінің түрін көрсете алады? 1) Өзінің сезімін түсінгенде, алдына мақсат қойып, оған жетудің жолдарын іздегенде; Өзінің ішкі дүниесі мен мүмкіндіктерін білгенде оған оқып, білім алу да жеңілірек беріледі.
  5. Табиғаттық интеллект. Бұл интеллект түрі табиғаттың флора және фауна әлемін тани білуге алып келеді. Қай кезде оқушының бойында бұл интеллект көрінеді? Олар табиғаттағы барлық жанды-жансыз нәрселерді таптай біледі және айырмашылықтарын тауып, дәлелдей алады. Табиғатты бақылайды: жануарлар, құстар, жәндіктер, тастар, өсімдіктер, жұлдыздар, ғаламшарлар тағы басқа табиғатқа жатпайтын обьектілер: машина, ұшақ, аяқ киім тіпті шаш үлгісі. Әрине айналадағы нәрсе жүйеге түсіп, әлемнің әр қырын біліп таныса неге оқу қызықты жеңіл болмайды? – деген сұрақ туады.   Томас Армсттронг былай дейді. Вербальды интеллектісі күшті балалар сабақта қойылған сұраққа жауапты кезек күтіп отырмай, айқайлап айта салады. Кеңістік интеллеіт иелері бірдеңелерді сызып, армандап отыруы мүмкін. Адами-тұлғалық интеллект иелері өз сыныптастарымен әңгімеге кіріседі. Ал денелік-кинетикалық – әртүрлі дене қимылдарын көрсетеді. Бұл не? Бұл сізге диагностикалық индикатор – яғни оқытудың басқа әдіс-тәсілдерін іздеңіз. Енді, осы әңгімеден қандай түйіндеме жасауға болады?
  6.          Интеллектіні оқушының бос уақытын бақылау арқылы сезуге болады. Мысалы лингвистикалық күшті интеллект иелері – кітап қарауға, оқуға ұмтылады. Адами – жеке тұлғалық интеллект иелері достарымен оцнауға, әңгіме айтуға бет бұрады. Кеңістік интеллект иелері – сурет салғысы келеді; Ал дене – кинетикалық интеллект иелері – жай демалғысы келеді.
  7.          Сіз оқытып отырған білім мазмұнын оқушы неге есіне сақтамайды? Себебі, сіз сабағыңызда осы сегіз интеллектінің тек бір, екеуін ғана қолдандыңыз; Сондықтан оқыту процесінде оқушы бойындағы бірнеше интеллект түрлерін пайдалана білу керек.
  1. Бір ғана интеллект түріне сабақ құрастыруға болмайды. Бұл сабақтың жетістігі – өте төмен. Сабақ жоспарын жасағанда – барлық интеллект түрлерін саған арналған таппсырмаларды дайындау керек.
  2. Әрине, сіздер айтарсыздар, бір нәрсені 7,8 тәсілмен қалай түсіндіресің? Бұл мүмкін емес қой. Әкелген сабақ мазмұнын ашу үшін көп тәсіл пайдалансаң, көп оқушыны оқытып шығасың!

 

Тлеулесова Б.Т. 

бастауыш сынып мұғалімі,

Алматы облысы,

Наурызбай ауданы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.