«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп, атам қазақ бекер айтпаса керек. Әрине бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. «Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын нығайтып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен білім беру – біздің мақсатымыз» — деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы – балабақша. «Бөбек» ясли – бақшасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырысы бойынша «Балапан» бағдарламсы аясында салынған.
Ұлы Абай атамыз айтқандай «Баланың тәрбиесіне үш жақ әсер етеді: ата – анасы, ұстазы және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» деген. Сол себепті балабақша аясында баланың заман талабына сай, үйлесімді, жан – жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына балабақша ұжымы барынша күш жұмсауда.
Болашақ еліміздің білікті де білімді, саналы ұрпағын тәрбиелеп білім беріп жатқан үлкен білім ордасының білікті басшысы Алдажуманова Шарипа Иманәліқызы.
Балабақша педагогтарының сапалық құрамы:
Білімі бойынша:
Жоғары білімділер – 45
Орта арнаулы білімділер – 1
Санаты бойынша:
І санат – 3
ІІ санат — 22
Білім жетілдіру курсынан 26 педагог өткен.
Балабақшадағы материялдық – техникалық база педагогтық сұранысқа сәйкес келеді, балабақшада ән- күй залы, спорт залы, әр топтың өз ойын алаңы, психолог бөлмесі бар. 2016 жылы 1 қыркүйек күні балабақшаның ашылып, жұмыс жүргізгеніне 5 жыл толып отыр. Бес жыл аралығында өзінің тынымсыз еңбегімен, жаңашылдығымен балабақша педагогтары М.Мұңсызбаева, А.Алиева, Ж.Ибадуллаева, А.Батырбекова, М.Сейдахметова, М.Сағындыкова, Ф.Давлетова, Ф.Азизова, М.Пашаева өз ісіне берілген, бала жанының бағбанына айналып, ата – аналардың алғысына бөленіп жүр. Балабақша тәрбиеленушілері қала көлеміндегі түрлі іс – шараларға, байқауларға қатысып, білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталып жүр. Осы бес жыл ішінде балабақшада бала тәрбиесін дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізіліп келді.
2014 – 2015 оқу жылында балабақшада «Баланың танымдық қабілетін дамытудағы ойынның маңызы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
2015 – 2016 оқу жылында балабақшада «Баланы көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. 2016 – 2017 оқу жылының өзінде балабақшада төмендегідей іс – шаралар жүргізілді.
Балабақша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысына негізінде құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізуде.
1 Білім күнінде «Мен өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында бірыңғай білім беру ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттері өткізілді.
2 «Қазақстан Республикасының Тілдері» күні мерекесіне орай ортаңғы, ересектер топтары арасында «Туған тілім – бабам тілі, өз тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
3 Балалардың шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Қиялым сенсің — қылқалам» тақырыбында ересектер, ортаңғы топ бүлдіршіндерінің қатысуымен суретшілер сайысы өткізілді.
4 Жыл мезгілдеріне орай қазан айында «Алтын өрнектер» тақырыбында І кіші, ІІ кіші, ортаңғы, ересектер топтарында ата – аналардың қатысуымен ертеңгіліктер өткізілді.
5 «Ұстаздар күні» мерекесіне орай балабақшада «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» айдарымен педагогтар мен балалардың қатысуымен мерекелік конценрт өткізілді.
6 «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» атты жолда жүру ережесін сақтауға байланысты топаралық сайыс өткізілді.
7 «1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып, өткізілді.
8 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл» толуына орай балабақшада түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
А) «Білімді ел – мәңгілік ел» атты мәнерлеп оқу байқауы;
Ә) «Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты суретшілер байқауы;
Б) «Тәуелсіз ел ұландары» атты спорттық сайыстар;
В) «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Қай елдің болмасын іргетасы, жарқын болашағы – ұрпағы екені белгілі. Мектепке дейінгі балаларды жан – жақты қалыптастыратын алғашқы баспалдақ балабақша. Дүниедегі пәк те, нәзік те, батыл да, батыр – ол бала. Өйткені, оның жаны таза, нанғыштығы да тез, ол «өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай, неге бұлай деп, дүние сырын ашсам» деп талпынады, алға ұмтылады. Ұлттың бүгіні мен болашағы тәрбиелі де білімді ұрпаққа байланысты. Бүгінгі мектепке дейінгі тәрбие саласы қызметкерлеріне балабақша тәрбиешілеріне үлкен сеніммен зор міндеттер жүктеліп отыр. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» демекші бұл міндеттердің білім, бірлік және ізденістің арқасында абыроймен атқарамыз деген сенімдеміз. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесі мызғымас, берік болу үшін ел ертеңі, қазіргі өскелең ұрпаққа сапалы да саналы тәрбие мен білім беру біздің басты міндетіміз. Осы тұрғыда заман талабына сай еңбек ете береміз.
Камысбаева Индира Мейрхановна.
ОҚО, Түркістан қаласы
«Бөбек» ясли – бақша әдіскері