Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс – шара №5 үлгілі кітапхана ұйымдастырған.
Іс-шарамызды ауылымыздың әкімі Қанағат Байжанұлы ақ тілегін айтып, ашып берді. Бүгінгі мерекеге тұспа-тұс келіп тұрған ауған ардагері ауылдас жерлесіміз, Әбілқасен Темірғали жұбайы Әбілқасенова Бибігүлді «Ана жүрегі» ордені табыс етілді. Батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету мақсатында. Спорт денсаулық кепілі дей отыра, Сәуле Сәдірқызы ауылымыздың жас спортшыларына, чемпиондарына, мақтан тұтатын балаларымызға: бокс шеберлері студент Асқарова Асыл, №2 орта мектеп оқушысы Бақыт Алиханға арнап №5 үлгілі кітапхана атынан дайындаған кітапшасын табыс етті.
Қаһарман Дәурен «Анашым» әнін шырқады. Айдос Жансезім «үнді» биін биледі. Мерей, Мирас, Кәусар «Тұлпарым» әнін нақышына келтіріп орындады. Барлық балалар бүгінгі мерекеге қатысты және кітапхана туралы тақпақтарын айтып берді. Іс-шараға қатысқан балаларымызға сыйлықтар табыс етілді. Кітапханаға ауызша библиографиялық шолу. «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесімен таныстырып өттік. Көрмеде ертегілер, балалар әдебиеті, мерзімді басылымдармен толықтырылған. Бұларды толық оқыған оқырман рухани жан дүниесі бай, білікті тұлға болып қалыптасары анық. Іс-шарамыз жалғасы далада болды. Балаларға арналып құрылған батут болды, сауда-саттық( балаларға ойыншықтар) жүріп жатты. Барлық бүлдіршіндер қуана секіріп, ойнады. Асвальтта балалар суреттерин салды.
Сурет салған балаларға да сыйлықтар табыс етілді. Музыка қойылып ата – аналар би биледі. Ауылымыздың дүкендері «Асия», «Айна» спонсорлық көмек ретінде балмұздақ берді. Мектеп асханасының меңгерушісі Асия ханым да өз үлесін қосты. Барлық балмұздақ балаларға таратылды. Шағын кәсіпкер Ибраева Гүлсара балаларға кітапша сыйлады.
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ – нің Кеңгір селолық №5 үлгілі кітапхана – филиалы