Home » Жаңалықтар » «Баларман» балабақшасындағы емле диктанты

«Баларман» балабақшасындағы емле диктанты

Елбасының  қазақ тілі әліпбиінің  латын  графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі  іс-шара  жоспарына  сәйкес  елімізде тұғыш рет ұйымдастырылып  отырған  жалпыұлттық  диктант  бүгін  Қызылорда қаласы білім  бөлімінің  «Баларман» балабақшасы  КҚМК-да ұйымдастырылды. Жалпыхалықтық диктантқа  балабақшаның  39 қызметкері қатысып, латын тілінде бір мезетте диктант жазып  латын тілінде бақтарын сынады.

Қатысушы  қызметкерлер  еркін түрде диктант жазып  белсенділік көрсетті. Диктант жазу барысында арнайы ережеге сай  диктант жазу туралы  алдын  ала  ақпараттандыру жұмыстары  жүргізіліп, қатысушыларға толықтай түсіндірілді. Диктант  мәтінің  аудиожаза  үлгісі  «Шалқар»  радиосы арқылы  тыңдатылды.

Жалпыхалықтық  диктант  жазудың  негізгі мақсаты латын  негізді  қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін  жан-жақты  қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, жалпы халықтың  латын негізді қазақ тілі  әліпбиін меңгеруі және тілді меңгеруге деген  қызығушылықты арттыру.

Емле ережесін  меңгерген  мекеме қызметкерлері емле диктантын еркін түрде жазды.

 

 

 

Абибуллаева Зухра Абибуллақызы 
«Баларман» балабақшасы  КҚМК
меңгерушісі
Қызылорда қаласы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.