Home » Балабақша » Баланың ұсақ қол қимылдарын дамыту (семинар-практикум)

Баланың ұсақ қол қимылдарын дамыту (семинар-практикум)

Балбаева Айгуль Жәнібекқызы,
«Жаңақала ауылдық округінің
«Жаңақала аудандық балалар бөбекжайы» МКҚК
педагог-психологі,
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

 

Мақсаты:Ұсақ моториканы дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, үй жағдайында баламен шұғылдана білуге үйрету. Балалардың тілдік қорын молайту, ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаңа технологиямен таныстыру.

Қажетті жабдықтар: мультимедиялық интерактивті тақта, презентация, музыкалық  сүйемелдеу.

Түрі: семинар-практикум

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Ата-аналарды бүгінгі тренинг тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, шеңберге тұрғызу.

 Тренинг: «Шеңбер бойымен ат айту». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады.

Психолог:

-Құрметті ата-аналар! Бүгінгі семинарымызда біз бен сіз болып, бала тілін дамытуда саусақ ойындарын қалай ұйымдастырамыз, сол жөнінде тренинг барысында саусақ ойын жаттығуларын орындаймыз. Барлығыңызға іске сәт!

  1. Психолог презентацияны көрсете отырып, ата-аналармен бірге ұсақ моториканы дамытушы ойын жаттығуларын орындайды

Саусақ ұсақ моторикасын даму туралы түсінік беріледі.

-Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен байланыста болады. Сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан.

Соңғы 5-10 жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады. Неге? Себебі, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста, себебі олар қарайды және тыңдайды. (теле-аудио-видео). Олар өз қолдарымен өз бетінше жасайды.

Саусақ ойындары және жаттығулары — ұсақ моториканы, сөйлеу тілін  дамытуда зор рөл атқарады. Саусақ және тілдік қимылына жауап беретін орталық бас миына өте жақын орналасқан. Ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.

Саусақ ойын және жаттығулар арқылы балаларды сурет салуға дайындайды, болашақ мектепке баратын баланың жазу дағдысын қалыптастырады, зейінін, есте сақтауды жақсартады. Шыдамдылыққа үйртеді, баланың қиялын, шығармашылық қабілетін шыңдайды.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақтылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.

Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

  1. Саусақ ойын жаттығулары (Ата-аналармен бірге оындалады)

3.Релаксациялық жаттығу:

«Гүл бағында»

Көздеріңізді жұмып, менің даусымды тыңдаңыздар. Жеңіл және терең дем алыңыз.

Сіздер жаздың жаймашуақ күнінде әдемі гүл бағына бардыңыз, көз алдыңызға елестетіңіз! Көз алдыңызда әдемі гүлдер. Гүлдерге жақындаған сайын гүлдің хош иісін сезініңіз. Айналадағы қоршаған әдемі гүлдердің бейнесі сізді рахатқа бөлейді… тағы да хош иісті ауамен терең дем алып…. көзіңізді ашыңыз. Алған әсеріңізбен бөлісіңіз.

  1. Педагогикалық -психологиялық түзету-дамыту кабинетінің логопед маманы: «Баланың тілін дамыту жолдары».
  2. Жаңақала аудандық балалар кітапханасының маманы: «Инновациялық сөйлейтін қалам»
  3. 6. Кәсіпорын тәрбиеленушілерінің өнерлерін тамашалау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.