Home » Мақалалар » БАЛАНЫҢ САНА-СЕЗІМІН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

БАЛАНЫҢ САНА-СЕЗІМІН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

Ең маңыздысы — баланың отбасынан қолдау алғаны…

Психологиялық денсаулық — ол адамның жарқын  көңіл-күйі, ол кезде адам өз әлеуетін жүзеге асыра алады. Өмірлік стресспен күреседі, нәтижелі және жемісті жұмыс істейді, өз қоғамының өміріне үлес қосады.

Психикалық тұрғыда сау адам — қоршаған әлеміне қызығушылық танытады, ортадағы жағдайға қарай өзінің іс-әрекетін келістіреді. Өзіне-өзі қорытынды жасай алады.

Салауатты өмір салты үшін психикалық денсаулықтың алдын алу, сақтау және нығайтудың маңызы зор. Психоэмоционалды жағдай — біздің денсаулығымыздың анықтаушы факторларының бірі, ол позитивті ойлау, рухани және физикалық даму, эмоцияны қадағалай алу.

Зерттеулер бойынша 12-14 жас аралығындағы балалардың психикалық денсаулығының төмендеуі байқалады. Мұндай жағдайда балалардың бойында небір өрескел, керітартпа ойлар туындайды және ол ой күнделікті өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді.

Бірақ та, ата-аналар белгілі ұсынылған ұстанымдарға сүйене отырып, балаларына сау психикалық денсаулықты жоспарлауға көмек көрсете алады. Енді сол кеңестерді толығырақ қарастырайық:

1.Сабырлық сақтау.

Әр ата-анаға баласының бақытсыз болғаны  немесе теріс эмоциялардан қайғырғанын көру — өте ауыр. Мұндай жағдайда ата-аналар үрейленіп, адекватты емес реакцияларға жиі барады. Бұны еш жағдайда жасауға болмайды. Қандай жағдайда болмасын, ата-аналар сабырлық пен шыдамдылық танытулары қажет. Тығырыққа тіреген жағдай болса, басқа жақын туыстарыңызбен ақыл бөлісіңіз немесе кеңес сұраңыз.

2.Балаға көңіл бөліңіз.

Сіздің балаңыз әрдайым сіздің көмегіңізге жүгінеді. Сіз балаңызға ең жақын дос бола аласыз. Оның өміріне сіздің қатысуыңыз, оны тыңдауыңыз, қолдауыңыз, көмек көрсетуіңіз, оның барлық қиындықтырды жеңе алуына көмектеседі. Әрине, қазіргі өмір сүру ырғағында жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті таба білу өте қиын. Бірақ, егер бала өмірдің қиын кезеңдерін өткізіп жатса, оған көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз.

  1. Бала өзінің қауіпсіздікте екенін сезінуіне мұрсат беріңіз.

Балаңызды қолдаңыз және оған деген ата-аналық мейіріміңізді аямаңыз — ол сол кезде өзін қауіпсіз сезінетін болады. Кешкі асқа сүйсініп жейтін асын әзірлеңіз немесе отбасыңызбен бірге сыртта тамақтануларыңызға болады. Бұл — отбасы ынтымақтастығының белгісі. Көптеген балалар әр түрлі психикалық соққы алып жатады (қайғы, үрей т.б.), осындай кезеңдерде балаңыздың жанынан табылуға тырысыңыз.

Жағдайдың тым нашарлап кеткенін ойлау немесе уайымдау адамдарға тән қасиет. Егер бала бір себептермен уайымдаса, оған ештеңе болмайтыны туралы айтып түсіндіріңіз. Баланы жағымды жағдайды қабылдауға және ойын жақсы арнаға бейімдеуге тырысыңыз, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіңіз.

  1. Балаңызды жұбата біліңіз.

              Балалар қорғансыз, олар өздерін көп жағдайда қалай дұрыс ұстау керегін білмей жатады. Егер балаңыз қандайда бір қиындыққа тап болса, сенімін нығайтатын ақыл-кеңес беріңіз.

Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрлері мен қалыптарына сәйкес, баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы ұстаз болып табылады.

 

Дина МЕНДИНА,
Павлодар облыстық
балалар ауруханасының психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.