Home » Жаңалықтар » Баланың балабақшаға бейімделуі

Баланың балабақшаға бейімделуі

Баланың бейімделуі қашан, қайда басталады? Әрине бірінші отбасына және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді ұйымдастыру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған. Осыған байланысты бағдарлама 5 сала арқылы іске асады. Олар: психо-диогностикалық жұмыстар, психологиялық ағарту және профилактика, психологиялық кеңес, психологиялық түзету дамыту жұмыстар, бейімделу.

Бейімделу кезеңі 3 кезеңге бөлінеді: жеңіл, орташа, ауыр. Ол кезде педагогтер бейімделуге байланысты ойындар өткізеді, баламен жеке сөйлеседі.

Бірінші бейімделу 1 күннен 10 күнге дейін жеңіл бейімделеді.

Екінші бейімделу бастапқы күннен бір айға дейін орташа бейімделеді.

Үшінші бейімделу бір айдан алты айға дейін ауыр бейімделеді. Бала балабақшаға сәтті бейімделу үшін ата-аналарға кеңестер береміз. Сонымен қатар баланы жаңартуға байланысты педагогтарғада арнайы кеңестер береміз. Бейімделуге байланысты түрлі ойындар өткіземіз.

 

              

Менешева Камшат Нурболатовна
№18 «Балдырған» бөбекжайы МКҚК №18
«Балдырған» бөбекжайының педагог-психологы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.