Ата-аналардың алдында баланы 1,5 жасқа толғаннан кейін балабақшаға орналастыру туралы сұрақ туады. Психологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, мұндай батыл талап осы жастағы балаларға қолайлы кезең емес. Бұл жастағы балалар анасына ерекше жақын болады, анасының жоқтығы оған қатты әсер етеді. Балабақшадағы тәрбиешілердің қолына барғанда, олар өзіне жақсы қамқорлық жасалғанның өзінде мазасыздықты сезінеді. Баланың алғашқы белсенділігі біраз уақыттан кейін эмоционалдық және танымдық процестің тоқтап қалуына ауысады, яғни баланың психологиялық дамуына жалпы баяулайды.
Адамның белсенділігі және эмоционалдық жағдайы ерте сәбилік кезіндегі тәрбие жағдайына байланысты анықталады, ондай балалар кейін талаптылығын және белсенділігін көрсете алмайды. Эмоционалдық жағынан қарағанда үлкен алаңдаушылыққа әкеледі, ол тез үрейленгіш, көнбіс іс- әрекет және басқа жүйке белгілерімен анықталады. Сонымен өзінің тұрмыстық жағдайларын шешкен ата-аналар басқа психологиялық жағдайларға ұрынуы мүмкін.
Баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру психологиялық жағынан қарағанда өткір пікір таласты болып табылады. Жалпы тәрбие туралы ой тудырушылар бұрынан байқаған, балаға сәбилік шақта отбасындағы тәрбие төте маңызды. Отбасында балаға ешқандай тәрбиемен теңестірілмейтін тәрбие беріледі. Балалар психологиясы мамандары да осындай көзқараста. Тәжірибе мектепке дейінгі жалпы тәрбиеге алаңдатушылық туғызатынын көрсетеді. Әсіресе ол баланы ерте ясли-бақшаға орналастыруға қатысты.
Сәби жастағы балалардың көпшілігі өзінің өміріндегі мұндай өзгеріске нашар бейімделеді. Көптеген балалар алғашқы күндері үйренбеген ортаға мазасызданып, соңнан соң сылбыр және көп сөйлемейтін жағдайда болады. Бұл анасынан бөліну, таныс емес адамдармен кездесуі, өміріндегі барлық іс- әрекеттің өзгеруі кезіндегі өткір эмоционалдық жағдайдың негізінде болады. Балаларда аурулардың жиі болуы байқалады. Бұл ортаның ауысқанымен түсіндіріледі. Ал негізгі себеп – ағзаның қорғаныс қабілетін тез төмендететін эмоциялық жағдай.
Отбасы жағдайы баланы ясли-бақшаға орналастыру керектігін айтса, онда баланы екі жасқа толғаннан соң ясли-бақшаға орналастыру керек. Екі жастағы балада анасына тәуелділік сақталмаған, ал таныс емес үлкендерді жатсынбайды. Сондықтан балабақшаға бейімделу кезеңі шиеленіссіз өтеді. Бірақ ол физиологиялық және жүйкесі әлсіреген балаларға қатысты емес. Ондай балаларды ясли – бақшаға орналастыру қажет емес.
Балабақшаға баланың үш жастан орналасқаны дұрыс деп есептелінеді. Балаға бұл жағдай кері әсер етеді. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ерте сәбилік шақтағы балалар құрдастарымен қарым-қатынаста болу қажеттілігі әлі қалыптаспаған немесе әлсіз білінеді. Тіпті бірнеше бала бір уақытта ойнаған кезде де, ойын әрекеттерін бала жеке орындағанды ұнатады, яғни бұл «топпен ойын» емес, «жеке ойын».
Құрбыларымен біріккен іс-әрекетті қажет ететін мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекетінің маңыздысы сюжетті-рольдік ойын болып табылады. Отбасындағы тәрбие жағдайында баланың құрбыларымен қарым-қатынас жасауы шектеулі. Балабақшада әр бала әрқашан құрбылырының ортасында болғандықтан ол олармен ойнайды, қарым-қатынаста болады және бұл оның дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге балабақшада балалардың мектепке дайындығын қалыптастыратын үздіксіз дамыту сабақтары өткізіледі. Бұл сабақтардың негізі маңыздылығының рөлі ата-ананың баланың танымдық дамуына аса көңіл бөлмегендігіне байланысты.
Сондықтан шешім қабылдай келе қоғамдық немесе отбасылық тәрбиені мектеп жасына дейінгі бала ала алады.
Сәбидің ата-аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп-шығуы, топ бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға баласын беретiн, ата-аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге болады. Ата-анасы баласын бақшаның ауласында серуенге шығарып, балаларды бақылатады. Балабақшада баланың машықтануы 1-2 сағаттан бастау керек, бiр жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Ата-аналар қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн болатынына көз жеткiзгенде қалдырады.
Турбекова Тамиляхан Асимгалиевна
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК,
тәрбиеші