Home » Балабақша » Балам — менің бақытым

Балам — менің бақытым

Бала — біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер анадан тарайды. Астана қаласы №65 «Бал-бала» балабақшасында «Балам — менің бақытым» атты ата-аналардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. 430 ға жуық бүлдіршіні бар балабақшаның тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарды тәнті етті. Меңгеруші Диханбаева Гуляим Егинбаевна аяулы аналарды мерекесімен құттықтап, іс-шараны ашып берді.

Ары қарай Талғатбек Ақбөпе мен Сабирова Мединаның әсем әнімен концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Вокал триосы Дәулетхан Айша, Имамов Амир, Дәулетхан Алихан ана туралы ән айтып,  тәтті дауыстарымен қошеметке бөленді.

Жұп болып балалар «Ча-Ча» биін биледі. Ата –аналармен бірге ханталапай секілді ұлттық ойындар ойнатылып, аналарымызда ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Кеш көп балалы аналардың балаларынан құралған «Алға Қазақстан» флешмобымен бітті. Іс- шара соңы шашу шашылып, сыйлықтар таратылып мерекелік көңіл күймен аяқталды.

Әмина Омарбекқызы
Астана қаласы,
«Білім айнасы»

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.