1-маусым – балалардың шуақты да көңілді мерекесі ғана емес, сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын,иманды да әділетті, қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын айтулы мереке екені рас. Мереке қарсаңында Оқушылар шығармашылық үйінде «Балалық шақ әлемі-әдемі!» атты есеп беру концерті болып өтті.Сахнада Оқушылар шығармашылық үйінің Халықаралық, Республикалық фестиваль жүлдегерлері өнерлерін көрсетіп,көпті қуанышқа бөледі.Ең алдымен кеш «Вокал» үйірмесінің оқушысы Мұратбаев Беріктің «Ассалаумағалейкум» әнімен ашылды.Ән қалықтап, көпшіліктің жүрегінен орын алды.Әдемі кештің тізгінін Оқушылар шығармашылық үйінің ұйымдастырушысы Изтурганова Алия міндетіне алып, жағымды үнімен тыңдаушыны тәнті етті.
Кеше ғана Маңғыстау облысына ат басын тіреген Елбасының құрметіне 5 жастағы Ақтарау Нұржанқызы «Елбасы елге келгенде» атты өлең шумақтарын арнады.Кіп-кішкентай қыз баланың өнеріне көрермендер дән риза болды.Және де мерекеге тұспа-тұс келген Рамазан айы «қабыл болсын» деген ниетпен «Вокал» үйірмесінің оқушысы Бурангали Ақсуат «Аллаға шүкір» әнін тарту етті.Баланы қызықтыру мақсатында концертке «Асыл сөз» үйірмесінің оқушылары ХІХ-ХХІ ғасырдың тәтті балалық шағын көрініспен жеткізді.Көріністі көргендер бұрынғы мен бүгінгіні салыстыра отырып,әр уақыттың жақсылығын айтып,үлкендер ой елегінен өткізді. Кеш ары қарай жалғасын тапты. «Сиқырлы әлем» үйірмесінің педагогі Асқар Бақытжан сиқырымен бүлдіршіндерді қызықтырса, өнердің жанын,сәнін келтіретін домбыра,қобыз қосылып керемет үндерін қосты. Олар: «Қобыз» үйірмесінің жетекшісі Қараманова А, «Үкілі домбыра» үйірмесінің жетекшісі Тәжбенов.А және «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі педагогі Ш.Құдайбергенова еді. Кеш соңы үш тілде «Туған жерім» әнімен өз мәресіне жетті. Есеп беру концертіне Жаңаөзен қаласының әкімінің орынбасары И.Сағынбаев, білім бөлімінің басшысы Т.Жұмалиев, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұ.Орынбаева,мектеп директорлары,білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Оқушылар шығарашылық үйінің «Балалық шақ әлемі-әдемі!» атты есеп беру концерті көптің көңілінен шықты.
«Қуана білмегенге құт қонбайды» деп Ә.Кекілбаев атамыз айтқандай,ОШҮ-нің қуанатын мақтан тұтар тұстарымыз көп екені белгілі. Баланың бойындағы ұшқынды әрі қарай баулып,тәрбиелеудегі ұжым еңбегінің ерен екені белгілі. Кеш соңында ОШҮ-нің директоры М.Мамутов бірнеше жылдары бойы үйірмеге қатысқан оқушыларға сертификаттар үлестіріліп,ата-аналарға алғыс хаттар ұсынды.
Осындай тамаша кештің өтуіне ықпал еткен ОШҮ-нің директоры М.Мамутов мырзаға алғысымыз шексіз.Күніміз шуақты,үлкендеріміз қуатты,өнеріміз тұрақты боп жүре берейік.Өнерлі,талантты ұл-қыздарымыз көп болғай!.
Битимова Тамара
Оқушылар шығармашылық үйінің
оқу-тәрбие ісінің орынбасары