Жезқазған қаласындағы №7 «Айгөлек» бөбекжайында наурыз айының 30-жұлдызы күні педагогикалық кеңес өтті. Бөбекжайымыз 2016 жылдан бастап «Жас оқырман» жобасы бойынша жұмыс істейтіндіктен педагогикалық кеңес «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда балалар әдебиетінің рөлі» атты тақырыппен өтті. Кеңес бөбекжайымыздың әдіскері М.Ж. Байгабулованың ұйымдастыруымен жүргізілді.
Кеңес үш бөлімнен тұрды:
- Топтағы кітап бұрышының тексеріс қорытындысы.
Топтардың кітап бұрышы жайлы М.Ж. Байгабулова айта келе, топ тәрбиешісі Л.М. Черногаева «Кітап бұрышын ұйымдастыру және безендіру» тақырыбында орыс тілінде, сонымен қатар топ тәрбиешісі М.Н. Оспанова «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы» деген тақырыпта бандама жасап, өз пікірлерін білдірді.
2. Іскерлік ойын: «Білімдар».
Бұл бөлімде педагогтарға қызықты викториналық сұрақтар қойылып, «лэпбук» әдісі бойынша жасалынған бірнеше жұмыстар көрсетілді. Орыс тілі мұғалімі С.Б. Шортанбаева балалар ертегілерінің кейіпкерлерін иллюстрациялау арқылы жасаған жұмысымен таныстырса, қазақ тілі мұғалімі Г.К. Альжанова балаларды киіз үй жабдықтарымен, ою-өрнектерімен таныстырып қана қоймай, киіз үйдің ішін ашып, оны оқу қызметінде көрнекілік ретінде, мысалы, қоржындарға мақал-мәтел, дидактикалық ойындар салып, құрақ көрпешелерді ребустар ретінде пайдалануға болатындығы туралы жұмысын көрсетті
3. Педагогикалық кеңесті қорытындылай келе, бөбекжай директоры Б.Т. Кульбаева аталған педагогикалық кеңестің маңыздылығы туралы және мектеп жасына дейінгі балаларды кітап арқылы тәрбиелеудегі әріптестерінің пікірлерімен келісе отырып, оң баға берді
Г.К. Альжанова
Жезқазған қаласы,
№7«Айгөлек» бөбекжайының
қазақ тіл пәнініңі мұғалімі