Home » Жаңалықтар » Балалар үйіндегі 55 бала «Отбасына барғым келеді» акциясының қорытындалары бойынша отбасыға алынатын болады

Балалар үйіндегі 55 бала «Отбасына барғым келеді» акциясының қорытындалары бойынша отбасыға алынатын болады

Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен ағымдағы жылдың 25 сәуір-25 мамыр аралығында облыс балалар үйлерінде «Отбасына барғым келеді!» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – жетім балаларды орналастырудың отбасылық нысандары: асырап алу, қамқоршылық, патронат, кабылдаушы және қонақ отбасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу, сондай-ақ, баланы отбасында тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдіретін азаматтарға консультациялық көмек көрсету.

Акция ашық есіктер күні ретінде өткізіліп, оған балалардың ата-аналарды, жақын туыстарды, балалар үйінде тәрбиеленетін баланы отбасында тәрбиелеуге тілек білдіретін бей-жай қарамайтын азаматтар шақырылған. Акцияға барлығы 300-ге жуық қонақ, оның ішінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей, Көкшетау қалаларынан және Павлодар облысының қалалары мен аудандарынан қатысқан.

Акция барысында қонақтар тәрбиеленушілермен бірге тренингтерге, спорттық іс-шараларға, флэш-мобтарға, шарларды әуеге ұшыруға, көшеттерді отырғызуға және т.б. қатысты.

Акция қорытындылары бойынша балалар үйінде тәрбиелетін 55 бала отбасыға алынатын болады, оларға құжаттар ресімделіп жатыр. Сонымен қатар, тағы 4 қабылдау отбасын ресімдеу жоспарлануда. Облыста 9 баланы тәрбиеге алған екі қабылдаушы отбасы бар, бұл Железин ауданынан Друзик отбасы және Успен ауданынан Мороз отбасы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.