ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Алматы қ. 2017 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан
Баспасөз хабарламасы
Алматы қаласында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы өткізіледі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауын Алматы әкімдігінің қолдауымен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып өткізеді.
Көрме-байқау білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру мақсатында өткізіледі.
Көрме-байқау білім алушылардың эстетикалық, адамгершілік және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, оларды көркемөнерге тарту, белсенді шығармашылық қызметке араластыру, заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі ұлттық дәстүрді сақтауға және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттыруға ықпал етуге бағытталады.
Сәндік-қолданбалы өнер тұлғаны үйлесімді дамытудың бір факторы болып табылады. Халық өнеріне араласу арқылы баланың рухани әлемі толыға түседі, өз еліне деген сүйіспеншілігі артады. Халық шеберлерінің өнері балаларға әсемдік әлемін ашуға көмектеседі, олардың көркемдік талғамын дамытады.
Көрме-байқауға қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары қатысады (128 қатысушы). Көрме-байқауға облыстық, қалалық (Астана және Алматы) балалар шығармашылығы көрмелерінде орындаудың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша жүлделі орындарға ие болған 11-17 жастағы білім алушыларының жұмыстары ұсынылады.
Көрме-байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Көрме-байқау Алматы қаласы Оқушылар сарайының жыл бойы жұмыс істейтін «Өрнек» лагерінің базасында өткізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондармен хабарласуға болады: +7 (7172) 249 306; e-mail: rumcdo.muz@mail.ru