EXPO КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОНДАРЫ МЕН КОМПАНИЯЛАР БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАП ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Астана қ. 24 тамыз, 2017 ж.
24 тамызда «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «Шелл Қазақстан» компаниясы Нидерланд Корольдігінің павильонымен бірлесе отырып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап «Болашақ энергиясын іздеу» атты іс-шараны ұйымдастырды. Осының арқасында Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпинка ауылынан келген 45 бала Expo-2017 көрмесін көруге мүмкіндік алды.
Балалар – болашақ энергиясы, ертең олар жаңа технологияларды жасайтын біздің келешегіміз деп атап өтті, іс-шараның ашылуы кезінде Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Дирк Ян Коп.
«Expo-2017 көрмесіне келген 45 балаға бүгін ұмытылмас әсер сыйлап отырғанымызға біз аса қуаныштымыз. Енді болашақ энергиясы олар үшін тек қана сөз ғана емес, үлкен тәжірибе болатынына сенімдімін. Осындай іс-шара арқасында олардың көбісі өз өмірін жасыл энергетикаға арнап, көптеген жаңалықтарды ашады деп үміттенемін», — деп атап өтті елші мырза.
Танымдық квест түрінде дайындалған бағдарлама кезінде балалар қызықты ойын арқылы көрме павильондарымен танысты. Балалар 5 топқа бөлініп, әртүрлі павильондарды көріп, кейін алған әсерлерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Балалар Швейцария, Австрия, Таиланд, Ресей, Нидерланд сынды қатысушы елдердің павильонына кезекте тұрмастан кіре алды.
«ЭКСПО-2017» жайында Қазақстанның бүкіл халқы, соның ішінде балаларға арналған әлеуметтік мекемелелердің тәрбиеленушілері де кеңінен естіп білуде. Алайда бұл ұл-қыздар аңсар арманындарының өзінде мұндай ерен оқиғаны өз көзіммен көремін деп елестетіп те көрген емес. Қор қызметі арқасында балалар үйінің екі жүзден аса тәрбиеленушісі Expo көрмесіне баруға мүмкіндік алды. Бұл жолы біз Нидерланд Корольдігінің павильоны және «Шелл Қазақстан» концернінен қолдау таптық. Бұл ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенеміз. Осындай экскурсиялардың арқасында өмірдің ащысын тартқан балақайлардың бойында инновацияларға, ғылымға және жаңа технологияларға деген қызығушылық оянатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде бүкіл әлемде баламалы энергия көздері қалай пайдаланылып отырғанын балалардың өз көзімен көре алғанына біз аса қуаныштымыз», — деп атап өтті «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Түстен кейін балалар Қазақстанның ұлттық павильоны «Нұр Әлемге» экскурсия жасады. Балаларға бәрінен бұрын Сфера үлкен әсер қалдырды. Іс-шара соңында Қазақстандағы «Шелл» концернінің төрағасы Данкан ван Берген және Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Дирк Ян Коп балаларды естелік сыйлықтармен, кәдейсыйлармен марапаттады. Сондай-ақ, балалар алаңында балғындарға арнап шығармашылық байқаулар мен ойындар ұйымдастырылды.