Home » Балабақша » Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Осындай бағытта №18 «Балдырған» бөбекжайының «Бәйтерек» ІІ кіші және ортаңғы аралас тобында  «Әкем, шешем және мен – ең үздік жүргінші» тақырыбында отбасымен бірлескен жол ережесін сақтауға және тәрбиеленушілерге жолда жүру қауіпсіздігін үйрету бойынша  ойын-сауық ұйымдастырылды. Мақсатымыз – ата-аналарды бөбекжай жұмысына етене араластырып, тәрбиешілермен бірлесе отырып балалардың қауіпсіздігін сақтауға байланысты іс-шараларға қатыстыру және балаларға жолда жүру ережесін меңгерту, бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстырып, көше жағдайындағы кеңістікті бағдалай білу дағдылары мен зейіндерін дамыту.

Ата-аналар мен тәрбиеленушілерден тұратын екі топ  жарыста өзара сайысқа түсті. І топ «Бағдаршам»тобы болса, ІІ топ «Жаяу жүргінші» тобы болды. Жарыс төрт кезеңнен тұрды: «Кім зейінді?», «Викториналық сұрақтар», «Есіңе сақта, балақай!», «Жол белгілерін білесің бе?». Бірінші кезең бойынша балалар жол ережесіне байланысты жұмбақтарды шешкен болса, екінші кезең бойынша ата-аналар викториналық сұрақтарға жауап берді. Ойын арқылы балалар бағдаршамның түстері және оның атқаратын міндеттері туралы түсінік алды, ата-аналар төртінші кезеңде жол белгілерін атап айтты.
Осылайша балалар шара кезінде жол ережелерімен танысып, жол қауіпсіздігін сақтау керектігін ұғынды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Светлана Насимоллақызы Аккереева,
БҚО, Орал қаласы.
№18 «Балдырған» бөбекжайының
І санатты тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.