Home » Балабақша » Балалардың тәрбиесіне тәрбиешінің көзқарасы

Балалардың тәрбиесіне тәрбиешінің көзқарасы

«Не ексең соны орасың» деген қазақта керемет сөз бар. Мұның бала тәрбиесіне қатысып айтар болсақ жастайынан балаға қандай тәрбие берілсе, сол оның өмірдегі іргетасы, қалануы. Дүниеге шыр етіп келген бала алдымен анасы мен әкесінен тәрбие көрсе, келесі кезекте балабақшадағы тәрбиеші деп көп нәрсе үйренеді. Тіпті, алғаш сөйлеуі, өз бетімен қасықты ұстап тамақтануы, былдырлаған тілдерінде төрт жол тауып айтуы – мұның бәрі тәрбиешілердің үлесінде. Балабақшаға келгенде, бүлдіршін ор ортаны жатсынып, айналадағыны бөтенсінеді. Сол кезде өзім тәрбиеші болып қызмет атқарып іс-тәжірибемнен білемін, баланы неғұрлым мейірлене өзіме жақындатсам, соғұрлыцм ол соған дағдыланады. Яғни тәрбиешінің мейірімділігі оның сөзінен ғана емес, көзінен көрініп, шуақ төгіліп тұруы керек. Кез келген адам өзгенің баласын өз баласындай көріп, бауырына тарта алмайды. Ал осы қасиет тәрбиешінің бойында болуы шарт.

Балабақша – бала тәрбиесін қалыптастыратын шағын үй болса, тірбиеші – баланың «екінші анасы», тәрбие тәлімі, дамытушы адам. Баланың тәрбиесі ата-анаға да, тәрбиешіге де, ұстазға да өте маңызды. Елім деп өтер, патриот азаматты тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Жастайынан бойына жақсы қасиеттерді дамыту, оның ақыл зеректігін байқау, бағалау жұмыстарын мерзімді қадағалап, орындап отырған дұрыс тәрбие бастауы.

Тәрбиешіде саналы ұрпақ бірден қалыптаспайды. Баланың жүрегінен орын алып, көңілінен шығып, тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында үзілмейтін қарым-қатынас орнайды. Сол қарым-қатынасты орнату үшін тәрбиешінің ой қоржынында көптеген амал-тәсілдер болса бәрі орынды. Өмірді енді танып, айналдағына жиғаш көріп, сезініп, ұғынып жатқан шағында балаға дұрыс бағыт-бағдар берсе, сол беті бағытынан таймайды. Көзі ашық, көкірегі аяу азаматтың алғашқы баспалдағы сол балабақша қабырғасы, ондағы тәрбиешісі. Өзім осы салада қызмет етіп келе жатқан жылдарда әр түрлі мінезді, психологиясы әр түрлі балаларды кездестірдім. Әрине балабақшаға алғаш келген сәтте балаға да, анаға да тәрбиешіге де қиылдау яғни, бір-біріне үйренісуі дағдысы. Осы үйренісуі кезеңі өткен соң ғана бала тәрбиесіне басты назар аударылады. Сөйлесуі, ойлауы, қабылдауы, зеректісі, шапшаңдығы, алғырлығы, міне осы қасиеттерді байқай отырып, бар қасиетті дамыту, жоқ қасиетін қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті.

Біздер тәрбиешілер көп уақытымызды балаға арнаймыз. Алдымызға келген әрбір тәрбиелеуші ерекшеліктерін анықтаймыз. Себебі, әрқайсысы жеке дар тұлға. Бізден бірнеше жыл бойы тәрбие алып, өзіне-өзі сенімді бала тірбиеленіп, келешекке нық басар азамат болып жатса бұл біздің жетістігіміз тәрбиешінің басты мақсаты. Тәрбиеші болу – қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. «Басы қатты аяғы тәтті» болып жататын да осы балабақшадағы кезең, сәт шығар. Менің мақсатым – елімізге үлес қосар ел ертеңін ойлап, оған бар жан тәнімен баурап, осы бір «кірпіш дүниеге, кетігін тауып бар қалатын, абыройлы, арманы асқақ азамат тәрбиелеу. Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын, және менен тәрбие алған балаларын ер жетіп, алғашқы тәрбиеші ұстазым деп келіп, сәлем беріп жатқандарын зор қуаныш, мәртебе санаймын. «Тәрбие көзі – тал бесік, тәрбие басы – ұстазда» деп аяқтар едім.

Тәрбиенің бастау көзі елдегі,

Ұстаз бенен тәрбиеші тең бе еді?!

Данышпанды, дананы да үйреткен

Тәрбиеші ұстаздардың еңбегі.

«Тәрбиеші апайым» деп ұрандар

Арасында алғыр да бар, қыран да бар

Ата-аналар менің балам қандай деп.

Тәрбиеші апайлардан сұраңдар.

Өткіземіз балалармен сан айды,

Екінші ана деп бізді атайды.

Еңбегіміз бос кетпесін балаға,

Сыйлаңыздар тәрбиеші апайды.

 

Жолдыгожанова Бакитжан Адамбековна
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Ақбота» МЖДМ  КМҚК тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.