Home » Мақалалар » Балалардың танымдық қабілетін дамыту жолдары

Балалардың танымдық қабілетін дамыту жолдары

 

Балалар айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек.

Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін  дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындар қолданудың маңызы зор.

Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану — үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын — тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады .

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғат пен таныстыруда танымдық-шығармашылық ойындар өте маңызды орын алады. Танымдық-шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың таным мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады.

Танымдық-шығармашылық ойындарды ойлап тауып, оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды жан-жақты дамытуда қатып қалған әдіс-тәсіл жоқ.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда, қоршаған ортаны, айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

Танымдық шығармашылық ойындар балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сияқты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені, затты ешқашан ұмытпайды.

 

Салимбекова   Айгул  Куатовна
ОҚО,  Сайрам ауданы, «Санат»  бөбекжайы
әдіскер

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.