Home » Мақалалар » Балалардың сөздік қорын, тіл мәдениетін жанұямен бірге қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын, тіл мәдениетін жанұямен бірге қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын, тіл мәдениетін балабақшада ата-аналармен бірлесе отырып қалыптастыру. Жанұя — адам баласының өсіп-өнеге алатын алтын ұясы, ал балабақшада оны әр түрлі ұлттық ойындар, сахналық қойыл

ымдар, еретегілер арқылы және ӨТШТ әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілін дамыту жүзеге асырылады.Қандай да бір халық болсын оның жан-жақты жетіліп, мәдениетіні

ң гүлденуі үшін

ең алдымен тілінің дамуы керек екендігі белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» бағдарламасын ұсынды. Ондағы мақсат-мем

л

екеттік тіл қазақ тілін, ресми тілі орыс тілін және халықаралық тіл ағылшын тілін халықтың неғұрлым көп бөлігінің меңгерілуіне бағытталған. Қазақ тілін балаларға тереңдетіп меңгертуде отбасымен тәрбиешілердің тығыз байланыста болуы да маңызды, себебі баланың сөйлеп үйренуі көбіне ата-ананың ықыласына байланысты.«Сәлем сөздің анасы!»

тәрбие балабақшаға кірген босағадан басталады. Біз әр бала топқа келгенде қандай да бір әсермен, қызығушылықпен, өз тіл мәдениетімізбен мынадай киелі ағаш, алма ағашын, ертегілердегі ізгі сөздердің үлгіле

рін жасадық. Онда өсіп пісіп келе жатқан қызыл алмалар сәбилер деп ойладық, әр қайсысының пісіп жетіліп дамуы әр түрлі. Яғни онда «Мен келдім!» деген жазу бар. Ата-аналар үшін «Қош келдіңіздер!», «Қайырлы күн!», «Көңіл күйіңіз қандай?», «Сәттілік тілеймін!», «Жолыңыз болсын!», «Сәлеметсіз бе апай!», «Сау болыңыз!» деген ізгі сөздер бар. Балалармен бірге ата-ана да топқа қуанып кіреді. Оның сыры бар, әр алмаға сандықта тұрған сәукелені қыздар, тақияны ұлдар алып тәрбиеші апайларына «Сәлеметсізбе!», «Мен келдім!» деп бас киімдерін алмаға қояды. Қабылдау бөлмесінде: ата-аналар бұрышы, ас мәзірі, пошта бұрыштары және сенім телефондары арқылы балабақшаға араналған ой-пікірлерін жазып, айтып отырады. Келесі бөлмеде «Біз өнерлі баламыз!»  бейнелеу өнері бұрышы бар, ол «Тауыс» құста безендірілген киелі құс екенін білеміз, әр ұяшықта балалардың суреттері ілінген, әр мереке «Ана тілім-мақтанышым» тақырыптарына сай балалар ата-анасымен бірге салған сур

еттері ілініп отырады. Үздік суреттер ата-аналар жиналысында аталынып қошемет көрсетіледі.

«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады» деген дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби.

Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қоятынын білеміз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, дұрыс тәрбиемен білім алуына бірлесе әрекет етуге шақырдық. Осы бойынша мынадай жұмыстар атқарылды. Балабақшамен отбасының бірлескен жұмысын нығайту мақсатында «Белсенді ата-аналар», «Жас ата-аналармен жұмыс» орталығын аштық. Жоспар бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді.

 

  • Ата-аналар арналған кештер «Тілім барда, айтылар сыр ойдағы» ата-аналар арасында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырдық.
  • Әжелер үлгі-өнегесі «Тілге жанашыр, қамқоршы» кездесулері ұйымдастырылып отырды.

«Тіл тәрбие бастауы » барлық топтар арасында сахналық қойылым сайыстары, қазақ ертегілері аудио кітапшалары тыңдалады. Біз балабақшада балалардың тілін ұлттық ойындар арқылы: айтыс өнері, сиқырлы асық, сиқырлы қамшы, сандықтағы сиқырлы сөздер арқылы тіл байлығын, сөздік қорын дамытамыз. Сонымен қатар көркем әдебиет, музыка оқу қызметтерінде қазақ ертегілерінің аудио кітапшалары тыңдатылып, ата-аналарға да әрі қарай жалғастыру үшін, өз сұраныстары бойынша үйлеріне алып тыңдап отырады. Балабақшаның психолог маманы ата-аналар арасында «Балаңызды үйде қандай 

  • ойыншықтармен ойнатасыз?» атты анкетелар жүргізеді. Отбасында баланың тілінің дамуына, тіл мәдениетінің қалыптасуына, ана тілінде сөйлеуіне немқұрайлы қарамай, балабақшамен бірге тіл жанашыры болып жүрген ата-аналар ерекшеленіп «Әр дайым бізбен бірге» деп қошемет көрсетіліп, мадақтап отырылады..

       Осынау жемісті де нәтижелі, берекелі істе алдынғы сапта ата-аналарымызбен бірге жүргенімізге бек қуанамыз және балабақшаға себілген әр алтын дән, күні ертең-ақ ел мақтанышы болар, алтын масаққа айналатынына, болашақта кішкентай бүлдіршіндеріміздің ана тілін құрметтейтін азамат болатынына кәміл сенеміз. Осындай қарапайым да күнделікті жұмыстарымызды осындай әдемі өлең жолымен аяқтағым келеді.

          Ұшырса ұясынан жас баланы

            Ата-ана шаттанады, мақтанады

            Сәбиге баспалдақта, Байқоңыр да

            Отан да отбасынан басталады.

            Үмітпен ұстаздыққа араласса,

            Себеп жоқ болашаққа баламасқа.

            Жемісін тәрбиенің ұсынатын

            Бөбектің бір отаны «Балабақша».

Рысбаева Назкен Рыстыбайқызы,

Астана қаласы, №34«Ақ бидай»

балабақшасының меңгеруші.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.