Мақсаты: сөйлеуді дамыту оқу қызметінде дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы, ойлау қабілеттері мен зейінін балалардың тілін, сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеулерін дамыту.
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып, тұңғыш Ата Заңның қабылдануы, Білім беру Заңының қабылдануы, ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, оны жақсартуды айқындай түсуді талап ететіні сөзсіз. Қазақстан азаматтарының білім мен әл-ауқатын арттыруды қамтамассыз ету мен сын қатерлерден шығу жолдарын табу мақсатында Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел-2050» атты өз жолдауында бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. «Балалардың тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту – бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі балабақшада басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында дидактикалық ойынның алатын орны ерекше. Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын-оқу, еңбек, оқу қызметімен бірге балалардың өмір сүруінің маңызды бір түрі.
Балабақша негізгі әркеті болғандықтан дидактикалық ойындар – арнайы сөйлеу тілдерін дамыту мақсатын көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Дидактикалық ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын және түсінік беру, оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойынның міндеті – балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру төмендегідей екі мақсатты көздейді:
— танымдық, яғни балаларды тану, іздену әрекетін дамыту;
— тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз құрдастарымен қарам-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негізге сүйенеді:
- Балабақша бүлдіршіндерінің іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.
- Дидактикалық ойынның шартымен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
- Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі: заттық дидактикалық және сөздік дидактикалық.
Дидактикалық ойынның маңызы:
- Дидактикалық ойын балалбақша бүлдіршіндерінің қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
- Әрбір дидактикалық ойын балабақша бүлдіршіндерін ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
- Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу және ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді.
Сөзімді қорытындылай келе, дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндерін өз бетінше жұмыс істей білуді дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнында, танымдық іс-әрекет сипатына ойын құрылымына сәйкес жүктемелер бар. Балалар дидактикалық ойындар арқылы ауызша сөйлеп, сөздік қорларын толықтырады. Әсіресе дидактикалық ойыншықтармен ойындар, қолдың кіші бұлшық еттерін дамытып баланың ақыл ойларының дамуына мүмкіндік береді.
Смагулова Айжан Иргебаевна
Астана қаласы, №53 «Мерей»
балабақшасының тәрбиешісі