Қазақ халқы әрдайым ұлт болашағы мен тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Елбасымыз өз сөзінде «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» – деп айтқан еді. Осыған орай, заман талабына сай Елбасымыздың «Үштұғырлы тіл» бағдарламасын қолға алып, балабақшамызда «Балалардың байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру» тақырыбында эксперимент алаңы жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазіргі кездегі үлкен проблемалардың бірі — өз ана тіліміздің шұбарланып бара жатқаны. Осы бағытта профессор Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының жетекшілігімен бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие бере отырып, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды өзімізге басты мақсат етіп отырмыз.Бүлдіршіндерімізге өз ана тілін, салт – дәстүрін, әдеп-ғұрпын бойына сіңіре отырып, мектепке дейінгі білім ошағының педогогтарының білімді жан-жақты сапалы беруі.
Мектепке дейінгі мекемелерде оқу мен тәрбие бір-бірімен қатар жүретін оқу құралы десек артық айтпаған болар едік. Биылғы жылы 22 ақпан күні балабақшамызда «Қазіргі заманғы балабақша жағдайындағы көптілді білім беру мен тәрбие» атты іс-тәжірибелік қалалық семинар өтті. Семинарымыздың мақсаты заман талабына сай үш тілділікті дамыту мақсатында эксперимент пен кластерді ұштастыра отырып, үштұғырлы тіл бағдарламасын іске асыруды қолға алу. Осы мақсатта тәрбиеленушілермен, педогогтармен, ата-аналармен біріге отырып, ең тиімді әдіс тәсілдер арқылы қолайлы жағдай туғызу қарастырылды.
Балалардың үш тілде байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыруда алға қойған міндетеріміз:
— Әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін жан-жақты түсіндіре отырып, сөз сырына бойлату арқылы білім алушының танымдық дүниесін, өзіндік көз қарасын қалыптастыру;
— «Балалардың үш тілде байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру» бала деңгейіне зейін қоя отырып, рет-ретімен жүйелі үйреніп, түрлі амал-тәсілдерін саналы меңгерген баланың сапалы білім алуға болатындығына көз жеткізу;
— Ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру;
— Интерактивті тақта, компьютермен сөздіктермен жұмыстарын жүргізу арқылы білім алушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, әр баланың есте сақтау, жазу сауаттылығымен қатар ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру;
— «Балалардың байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру» арқылы теориялық материалды практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге бейімдеу;
— Білім алушылардың логикалық, есте сақтау, ойлау жүйесін дамыту мақсатында түрлі сөзжұмбақтар, танымдық, түрлі ұлттық ойын үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру;
Осы мінтеттерді орындау әр бір тәрбиешінің немесе тіл мамандарының, ата-аналардың қолдауымен іске асатыны айқын. Ол үшін алға қойған мақсатқа жету және жоспарды орындау, өскелең ұрпақтың заман талабына сай білім беру.
Балабақшамызда балалардың үш тілде байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру үш бағытта жоспарланды.
- Балалардың байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру арқылы ұлттық тәрбие беру
- Мемлекеттік тілмен қатар шет тілдерін оқыту
(ағылшын, орыс) - Балалардың есте сақтау, ойлай және зейінін қалыптастыру арқылы сөздік қорын молайту.
Осы жоспарды 2017-2020 жылдар аралығында “Даму бағдарламасы”
негізінде жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл бағытта жүргізілген жұмыстар бастапқыда өзіндік қиындықтары да болады. Алайда, эксперименталды алаңға таңдалып алынған топтар да ағылшын тілі, орыс тілі және бес саланы құрап отырған басқа да оқу қызметтерінде үш тілдікке басты көңіл бөлінуінің арқасында, балаларға сөздердің үш тілдегі әдістерін меңгерту жүйесі іске асырылады. Сонымен қатар, күнделікті балабақша қабырғасында балалармен қарым-қатынас кезінде қажетті сөздерді үш тілде қолдану нәтижесінде, балалардың да тілдері үйрене бастайды. Мұндай нәтиже, балалардың жаңа сөздерді меңгеруіне жақсы ықпал етеді.
Балабақшамызда өткен семинардың негізгі мақсаты да, осы көптілділік білім беру және серіктес балабақшалармен іс-тәжірибе бөлісу мақсатында болды. «Көптілді білім беру» кластері бойынша жетекші №21 «Гүлдер» балабақшасы ата-аналармен жүргізілген іс-шараларынан шеберлік сыныбын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Балаға тәрбие мен білім беру жолында ата-ананың да рөлі өте маңызды. Сол себепті, ата-анамен жұмыс барысында семинарда «Бүгін менің туылған күнім» тақырыбында үш тілде ұйымдастырылған көрініс көрсетілді. Мұндағы мақсатымыз балабақша мен ата-ана арасындағы қарым -қатынасты нығайту және балаға үш тілді меңгеру жолындағы оңтайлы бағыты.
Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы аясында болашағымыздың ертеңі бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында екені айдан анық. Сол себепті өз ана тілімізді ана сүтімен бойымызға тараған және өз салт-дәтүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды айқындап, болашаққа көз жүгіртіп, заман талабына сай білім беру. Өз еліміздің еңсесін биік ұстау үшін көптілді меңгеру арқылы заман ағысымен биік белестерді бағындыру.
Камбарова Алия Уалиханқызы.
№71 «Мөлдір» балабақшасының инновация әдіскері