Home » Балабақша » Балабақша өмірінен….

Балабақша өмірінен….

       Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясы үздіксіз байланысты екендігі және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған еді.  Балабақша – келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, ел-халқын гүлдендіріп, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты сатысын қалайтын ұя. «Ауылына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақ иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Осы орайда, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызыл төбе ауылындағы №5 «Балбөбек» балабақшасы 2011 жылдың 1 маусымында ашылып, қазіргі заман талабына сай жұмыс жасап келеді. Қазір балабақшада    3-6 жас аралығында 280 бала тәрбиленуде.

2014 жылы Балбөбек балабақшасына меңгеруші қызметіне Крымова Рита Илесовна тағайындалды. Сол жылдан бастап балабақшамыз заман талабына сай жабдықталып қарқынды жұмыс жасап бастады. Бала тәрбиесі күрделі процес екенін баршамызға мәлім, мектепке дейінгі білім беру ұйымы алдында күрделі міндет тұрғанын түсініп, барлық күш жігерін жұмсап, балабақшаға артылған міндетті орындап, ертеңгі халық тағдырын шешетін білімді, саналы, адамгершілігі мол азамат пен азаматшаларды тәрбиелеуге кірісті. Мектепке дейінгі мекеме басшысының міндеті – балалар мен педагогтердің іс-әрекеттерінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым әрдайым шығармашыл ізденіс үстінде болу, заман талабына бағыт-бағдар беру. Балабақшаның  өркендеп өсуіне, жас ұрпақ тәрбилеуге ұжымның қосар ықпалы зор. Біздің басты мақсатымыз – өзінің ойын еркін жеткізетін, Отанын сүйетін, мәдениетті, жанашыр, дені сау, жан-жақты жеке тұлға тәрбилеу. Балабақшамызда педагогикалық жұмыста іс-тәжірибесі мол, жас мамандарға тәлімгер болатын тәрбиешілеріміз Т.С. Назарбаева, Б.Н. Қалмаганбетова, Б.К. Орынбасарова, А.К. Бердімуратова, Н.И. Саитгалиева, дене тәрбиесі нұсқаушысы Р.Т.Байжанова, ағылшын тіл маманы М.С. Жаналина өз жұмыстарына адал еңбек етуде. Елдің өркениетін, елдігін көрсететін – өнер дегендей, балаларға әуенді тыңдауға, ән айтып, би билеуге үйретіп шығармашылық қабілетін қалыптастыруда ән-саз жетекшілері Г.К. Кузембаева, Ж.М. Кубикова  қызмет жасауда. Балабақшада педагогтерге жаңашыл бағыт-бағдар көрсетіп, әдістемелік кеңес беріп отырған әдіскер Досанова Маңдайлының еңбегі зор.

Балабақшадағы бала тәрбиесі үштік түрде жүретіндіктен, ұйымдастырылған барлық іс-шаралар, оқу қызметтер ата-анасыз өтпейді. Себебі, баланың тәрбиесінде ата-ананың бірлестігі балаға жақсы әсер етіп, тәрбиешінің әр баланы жақсы тануына, оларды жан-жақты дамытуына өте қолайлы жағдай туғызады.

Кішкентай бүлдіршіндеріміз жүйелі тәрбиелеу мен оқыту негізінде көптеген аудандық, облыстық, халықаралық жетістіктерге жетті: 2014 жылы —  Халықаралық 6, облыстық 2 жетістікке, аудандық 8 жетістікке, 2015 жылы —  Халықаралық 16, аудандық 12, облыстық 1  жетістікке, 2016 жылы — Халықаралық 8, облыстық 1, аудандық 9, 2017жылы – Халықаралық 19, аудандық 5 жетістіктерге ие болдық, солардың ішінде:

2014ж. —  IV аудандық «Кішкентай ханшайым» байқауында Бас жүлде;

2014ж. — аудандық «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым-2014» байқауында ІІ орын;

2015ж. — аудандық «Жауқазын» балалар шығармашылығы өнер фестивалінің «Нұрға бөлену» бөлімі бойынша І орын – Шуманай Айдарбек;

2015ж. — Республикалық балалар сурет байқауында ІІІ орын – Қойлыбай Нұрбол;

2015ж. аудандық «Үздік тәрбиеші-2015» ІІ орын;

2016ж. — «Шынықсаң шымыр боларсың» аудандық спорттық сайысында «Тұлпар» тобы Бас жүлде;

2016ж. — аудандық «Үздік тәрбиеші-2016» байқауында І орын;

2016ж. — «Ұлт өнері- ұрпаққа мұра» республикалық қолөнер байқауынды Жақсылық Жазира — ІІ орын;

2017ж. — «Экология и Жизнь» І  Халықаралық конкурсында ІІ орын – Кеңес Бейбарыс;

2017ж. — «Үздік тәрбиеші-2017» онлай байқауында ІІ орын – Саитгалиева Назым Ибрагимовна;

2017ж. — «Үздік тәрбиеші-2017» аудандық байқау І орын Бердимуратова Альфия6

2017ж. — аудандық «Би билеп, денсаулығымызды шыңдаймыз!» спорттық би байқауында ІІ орын.

Крымова Рита Илесовна

МКҚК №5 «Балбөбек» балабақшасы директоры,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.