Home » Балабақша – тәрбие бастауы

Балабақша – тәрбие бастауы

Мектепке дейінгі тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани — патриоттық сана — сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тарихымыздағы ең сұм соғыстың болып өткеніне де биыл 74 жыл толды. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Осы сезімдерді өскелең ұрпақ бойында қалыптастыру,балаларды өз елін, жерін қастерлейтін саналы да, парасатты, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу мақсатында «

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-да «Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиешілері А.Маемирова, З.Жабықбаеваның жетекшілігімен «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды!» және «Гномики» ересектер тобының тәрбиешілері М.Бесенова, О.Наживинаның ұйымдастыруымен «9 мая-День победы!» атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер «Бейбіт болсын қашанда», «Жеңіс күні», «Жиырма сегіз батыр», «Быть мужчиной» атты әндерді орындалып, «Катюша» биін биледі. «Сарбаздар мен медбикелер», «Кім жылдам?» т.б ойындары ойналды, «Атасының жауынгерлер туралы немересіне айтқан әңгімесі» фильм ретінде көрсетіліп, сахналық қойылым да қойылды.Сонымен қатар педагогтар ата-аналарға балаларды жеңіс мерекесімен таныстыру туралы кеңестер мен ақпараттар берді.

9 мамыр – жеңіс күні ерлердің ерлігіне тағзым ету үшін көрікті қаламыздағы «Жеңіс» саябағындағы «Ерлік» мемориалды кешеннің қақ ортасында орналасқан батыр бабамыз Бауыржан  Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.    Біздің дана халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген дана сөз бар екен. Еліміз мәңгілік ел болуға қадам басып келеді. Тілегіміз де бір-бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау.Жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру, құнды қасиеттер арқылы болашаққа бағыт сілтеу-әрбір әр педагогтің міндеті. Дүние жүзінде бейбіт өмір ғана орын алсын деп тілеймін!

 

Бердигулова Кулдары Нупбаевна,
Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №42
«Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы» МКҚК әдіскері.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.