Home » Балабақша » Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі

Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі

Аталуы: «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жұлдыз» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 05 қаңтар 2015 жылдан бастап іске қосылды.

Директор: Жакишева Кулпаш Билановна, Білімі-жоғары.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі-34 жыл.

   «Жұлдыз» балабақшасы тәрбие бесігі. Қазіргі заманға сай заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған. Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жөн сілтеу осы балабақшадан бастау алады. Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оған жақсы тәрбие беруді ата-ананың борышы санаған. Қазақ халқы  «Бал тәрбиесі-бесіктен» деп бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз сәби шыр етіп дүниеге келген күннен бастап,оның тәрбиесі мен мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына айрықша мән бергені белгілі. Өйткені бала-болашақ иесі.

Жыл бойында 2018-2019 оқу жылында  КМҚК  МЖД «Жұлдыз» балабақшасы жылдық мақсаттарды орындауда жұмыс жасады.  Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, балалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, салауатты өмір салты шараларына қызығушылығын арттыру, денсаулықтарын қалыптастыру іс-шараларын сапалы  орындауға әдеттендіру мектепке дейінгі балаларды еңбек ете білуге  үйрету, ата-аналарымен үнемі жұмыс жүргізіліп отырды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыты болып табылады. Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы – балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру және олардың қабілеттерін дамыту қоғам үшін де өте маңызды.

Білім беруді жаңғырту мақсатын іске асыру үшін басым және өзара байланысты міндеттер алға қойылған, олардың бірі білім сапасына қол жеткізу болып табылады. Білім беру сапасын жетілдіру мақсатында мектепке дейінгі мекемелерде қазіргі заманауи жаңа технологиялар енгізу тиімді болып табылады. Осы орайда мектепке дейінгі мекемелерде жаңа жобаларға қатысу жүзеге асыру қазіргі заман талабы.

«Жұлдыз» балабақшасы  2016  оқу жылынан  бастап облыстық «Жас оқырман» жобасы бойынша жұмыс жасауда.

Сондықтан балабақшадан бастап кішкентай бүлдіршіндерді ата-ананың тәрбиешінің көмегімен ертегіні тыңдауға, ертегі кітаптарды  көруге, ертегіні есте сақтап, кітапқа қызығушылығын арттыру көзделіп отыр. Ата- аналармен жүргізген сауалнамаларға жүгінсек 65% пайыз ата — ана ғана кітап оқиды екен бұл қынжылатын, тіпті қорқынышты жағдай.  Кітап — адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Отбасылық оқу «ойланғыш оқырманды» тәрбиелейді. Кітап оқудың негізі отбасында қаланады. Отбасылық оқуды ұйымдастыру арқылы өнегелі, рухани жан азығы бай, ұлттық санасы жоғары тұлға болып қалыптасуына жетелейді. Осы қағиданы ұстай отырып, біздің балабақшада «Жас оқырман» жобасын бастадық.

Осы жоба бойынша әр түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер,
балабақшалармен, кітапханалармен қауымдастық жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдың 10 қаңтар күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының «Жас оқырман» облыстық жобасы аясында КМҚК МЖДМ «Жұлдыз» балабақшасында  «Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу құзіреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологиялардың тиімді жолдары» атты облыстық семинары болып өтті. Семинарды Балқаш қаласының білім бөлімінің басшысы Г.Ж Ағдарбекова ашты.

Мақсаты: Халық педагогикасы негізінде балалар мен ата-аналардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы тәрбиешілердің  кәсіптік біліктілігін шыңдау. Негізгі идеясы: халық педагогикасы негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға қызығушылығын аттыру.  Семинарға  Қарағанды облысы ББДОӘО әдіскері  А.Д.Бұғыбаева, облыс және қала көлемінде 30 әдіскер қатысып тәжірибе алмасты. Балабақша  педагогтары  халық педагогикасы негізінде балалар мен ата-аналарға  қолданған іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар 2 блоктан тұрды: 1 блок – Халық педагогикасы беттерінен (балалармен жұмыс), 2 блок — Әдістемелік қоржын (жоба аясында қолданылатын инновациялық технологиялармен бөлісу, педагогтармен жұмыс).  Балабақша  директоры  Г.Б. Жакишева  2016-2018 оқу жылындағы  «Жас оқырман»  жобасының алға қойылған мақсат, міндеттерін атап өтіп, жасалған жұмыстарға тоқталды. Бірінші блокта балабақша тәрбиешілері  асықпен ойын жаттығулары, театрландырылған көріністер  және балалар шығармашылығы, халық ауыз әдебиеті арқылы оқуға баулу жолдарын балалармен жұмыс жасай отырып көрсетті. Қарағанды облысы ББДОӘО облыстық «Оқу шаттығы», «Зерек» және «Жас оқырман» жобаларының сабақтастығы жалғасы ретінде №17 орта мектеппен серіктестік жұмысында «Поэтикалық поезд» және «Зерек» жобасы аясында оқу қызметінің үзінділері көрсетілді. 2 блокта жоба аясында қолданылатын инновациялық технологиялармен бөлісу мақсатында тыңдаушылармен «Ата-анамен жұмыс арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбы, «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқуға қызықтыруда «КЕЙС» технологиясының тиімділігі» коучингісі және де қалалық Гайдар атындағы балабақшамен әлеуметтік серіктестік барысында белсенді жұмыс жасаған ата-аналар мен балабақша топтары марапатталды. Семинарды Қарағанды облысы  ББДОӘО  әдіскері А.Д. Бұғыбаева қорытындылап жоғары деңгейде өткендігі атап өтілді. Әр тыңдаушы «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы тілектерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Балабақша педагогтары айтылған тілектермен ұсыныстарды жақсы ниетпен қабылдап,әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады деген ұстаныммен алға ұмтылуда, сонымен қатар біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып,

«Жас оқырман» жобасында балабақша бүлдіршіндерінің бойына сіңірудеміз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір бала өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін рухани жаңғырып, халық педагогикасын меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс.

Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, балабақша қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білеміз.

Балабақшаның жеткен жетістіктері

  «ZIAT» Ғылыми -әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Лучший современный урок в учреждениях  ДОУ» атты II Республикалық сайысында  Мусабекова Гания Зарубековна

I орынға ие болды.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» байқауында талантты балаларды дайындағаны үшін Щербачева Алена Александровна

Алғыс хатпен марапатталды.

Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Айналайын Астанам» атты қашықтықтан өткізілген республикалық интернет-байқауында жүлделі орын алшған білім алушыларды дайындағаны үшін Марат Лиана Бекзатқызы дипломмен марапатталды.

Сізге «Мен әдемі елде тұрамын» (сурет салу байқауы) атты Республикалық байқауына қатысқаны үшін Турысбекова Баглан Жумагалиевна  алғыс хатпен марапатталды.

   «ZIAT» Ғылыми -әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Жазғы пейзаж» конкурсында

«Жазғы жарқын бояулар» атты номинациясымен тәрбиеленуші Жансейтов Санжар тәрбиешісі Борамбаева Гульнар Аралбайевна дипломмен марапатталады.

  • 2018ж. «Самғау» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы

балабақшаға алғыс хат берілді.

  • 2018ж. «Самғау» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына балабақша тәрбиешілері мақалаларын   шығарды.
  • «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы»қашықтықта өткізілген байқауында жүлдегерін жоғары деңгейде дайындаған үшін  Жакышева Науат  Тлеуовна  дипломмен марапатталады.

Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілері де облыстық республикалық жүлделерге иеленді.

  • 2017ж.« Шабыт» ББӘО «Көктемнің алғашқы мерекесі» интернет байқауы Ғинаят Азема  диплом  бас жүлде
  • 2017ж.« Шабыт» ББӘО «Көктемнің алғашқы мерекесі»интернет байқауы Аманжол Інжу III дәрежелі диплом
  • 2017ж. «Шабыт» «Қош келдің, Наурыз!» интернет байқауы Жұмағалы Сабина III дәрежелі диплом
  • «NeW Opportunities» білім беру- әдістемелік орталығы «ЕХРО — 2017»

Игенова Айлин диплом

  • 2018ж. «Әлем балалардың көзімен» I дәрежелі диплом Манар Айша
  • 2018ж. Рамазан Жанару I дәрежелі диплом
  • 2018ж «Менің елордам- Астана» I дәрежелі диплом Оңғарбек Новаль
  • 2018ж. «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» I дәрежелі диплом Тлеуханова Айару

Келешекте «Жұлдыз» балалабақшасының жұмысы одан әрі жанданып,үлкен жетістіктерге  жетіп,Республикалық көлемде жұмыстарымызды көрсетеміз.

 

 

                                 Байбекова Г.С
Қарағанды облысы Балқаш қаласы  КМҚК  МЖДМ
«Жұлдыз» балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.