Home » Мақалалар » Балабақша тәрбиенің алтын бесігі!

Балабақша тәрбиенің алтын бесігі!

Тәрбие саласын бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыруды өз міндетіміз деп біліп, әр күнді балалармен қызықты өткізу үшін, түрлі жаңа заманауи технологиялар мен әдіс – тәсілдерді қолдануда біздің ұжым белсенділік танытуда. Тәрбиешілердің тәрбиелеу үрдісіне жаңа көз қараспен қарауы қуантарлық жайт. Көзі ашық көкірегі ояу педагогтар бірге отырып «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып болшақ ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда.

Өскелен жас ұрпақты рухани адамгершілік қасиетте тәрбиелеу – қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі біздің келешегіміз жас ұрпақ ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының тәрбиешісінің , достарының мінезінен , жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз – өзіне деген сенімділік тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, жоспарлы түрде қамтылады.

Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп жуынып, сүртінеді, бір – біріне көмектеседі, « рахмет, кешір, өтінемін» сөдерін айтуға баулу. Ұжымға тәрбиелеу балардың өз ара ұжымда қарым – катынастарын қалыптастыру.  Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына,үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау,топты  таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т.б дайындауға көмектесуі осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа кішіпейілділікке шақырып жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.

Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету. Бірге серуенде балаларды жапырақ жинауға шақырдым, балалар екі үш жапырақ жинаған соң « жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен жұмыс жоспарын ойын жоспарына айландырып жібердім, әкелген жапырақтардан бастарына гүл шоқ жасадым, оны көрген балалар қуанып, бәрі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қана жапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге, еңбек сүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне баулыдым.

Сондай-ақ балаларды мектеп алды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.

Бірінші міндет:  әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым- қатынасы және өз құрбы құрдастар мен баланың ой өрісінің қалыптасуы мүмкіндіктері көзделеді,өз отанына , отбасына халқынның салт – дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.

Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиеттерін сезіну.

Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық  барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.

Төртінші міндеті: дене тәрбесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы,өзін қоршаған орта мен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б қауіп қатерден сақтану қарастырылады.

Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық! Тәрбиенің алтын бесігі- балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!

 

Артыкова Раушан Пердебаевна
№ 66 «Толағай» балабақшасы» МКҚК
тәрбиешісі, Астана қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.