Home » Балабақша » Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі

Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі

Қызылорда қаласы «Kinder Surprise» балабақшасы  2017 жылы ашылып, алғашқы  бүлдіршіндерді қабылдады. Балабақшамызда  қазіргі таңда 60 бүлдіршін тәрбиеленіп білім алуда. Кішкентай балдырғандарға  тәлім-тәрбие беру жолында арнаулы және жоғары білімді педагог мамандар қызмет етеді. Ұжымдағы оқу — тәрбие жұмысы негізіне Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандарты,  «Үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта 3топ толығымен жұмыс жасауда, оның ішінде 1 топ қазақ тілінде  2топ орыс тілінде тәрбие беруде. Балабақшада оқ-тәрбие  жұмысымен қатар салауатты  өмір салты, яғни  сауықтыру  жұмыстары өткізіледі. Әрбір топтағы тәрбие, білім беру өнегелі әдептерге үйретудегі жаңа технология әдіс-тәсілдерімен ойын түрлері арқылы жүргізілген тәрбие жұмыстары  нәтижесін беруде.  Мектепке дейін  тәрбие жұмысының мағыналы да пайдалы өтілуі  ең алдымен тәрбиешілерге тікелей  қатысты, бұл бағытта  тәрбиеленушілердің білім  дәрежесін қадағалау мақсатында  өткізілетін кешенді  оқу іс-қызметтерінің де берері мол болды. Балабақша  ұжымы Қазақстан Республикасы  білім беру  саласындағы даму стратегиясына баса назар  аударып, жаңа  педагогикалық технологияларды  меңгеруге, озат  тәжірибені кеңінен пайдалануға  қазақтың халықтық  педагогика мұраларын балалардың бойына сіңіруге, ұстаздың теориялық дайындығының жоғары  болуына, жұмыс  барысында әдістемелік тұрғыдан оқыту әдістерін саналықпен меңгеруге ерекше көңіл бөлуде.

Білім мен тәрбиенің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланатынын ескерсек, балабақша қызметкерлерінің осындай әдіскерлік ізденімпаздық  қабілеттілігі жас ұрпағымыздың болашағы жолындағы тәрбие саласына қосқан үлесі болып өз жемісін бермек.

«Kinder Surprise»  балабақша меңгерушісі Есмуханбетова  Ләмпаси Байкісіқызы 1965 жылы 30 тамызда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Қызылорда қаласы М.Маметова атындағы қыздар педагогикалық училишесінің «Балабақша тәрбиешісі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын бала тәрбиесіне арнап «Василек», «Алпамыс», «Самал» балабақшаларында тәрбиеші қызметін атқарған. Осы жылдар бойы облыс, қала деңгейіндегі шараларға белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болған. Көптеген облыстық, қалалық білім мекемелерінің, Қала әкімнің «Құрмет граматоларымен», «Алғыс хаттармен» марапатталған. Қазіргі заман талабына сай  жаңашыл, ізденімпаз, өнегелі педагог, еліміздің жас  мамандардың ұлағатты ұстазы.
Егеменді еліміздің жас мамандарға, кішкентай бүлдіршіндерімізге саналы тәрбие, сапалы білім беретін педагогқа сеніміміз мол.

Болашақтың қақпасы — әрбір балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары.

Егемен еліміздің мәңгілік болып, қазақ елінің мәңгі жасауы және «қазақ» атауының ешқашан өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпақтың қолында. Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде-бақша өмірінің рөлі зор.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.